Мектеп жаңалықтары

Бүгін 7, 8 сынып интернат тәрбиеленушілері арасында Тәуелсіздік күніне орай волейболдан жарыс өтті.Оқушылар белсенділік танытып, командалық рух пен шеберліктерін көрсетті. Бүгін,Тәуелсіздік күніне арналған саптық жиын өтті. Оқушылар белсенді қатысып, Отанға деген құрметін көрсетті. Кітап оқитын ұлт” жобасы аясында мектебімізде сәрсенбі сайын өтетін 20 минуттық кітап оқу үзілісін тиімді ұйымдастыру мақсатында 6 “а” сынып оқушылары үшін“Book bingo“ ойыны өткізілді.Мақсаты — оқушылардың білімін тереңдетіп, тіл байлығын молайту, логикалық ойлауын дамыту.Мектеп кітапханасы @umckrg «Ұлттық мектеп лигасы» аясында өткен мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының 7-8 сынып оқушылары арасында волейболдан жарыста мектебіміздің қыздар командасы ІІІ орынды иеленді. Құттықтаймыз!!! 9-11 сынып оқушылары арасында лингвистика бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде мектебіміздің оқушылары Амадыкова Махаббат (Жалгасбаева Р. А.) жүлделі І орынды, Уәлихан Мағзұм (Сламбекова К.Н.) жүлделі ІІІ орынды және грамоталармен Нуржанова Дильназ (Искакова Г.С.), Қуаныш Мерей (Баульбекова А. В.) марапатталды. Құттықтаймыз!

«Азамат ердің баласы»

28 қазанға қараған түні «АрселорМиттал қарамағындағы Костенько » кенішінде болған жарылыс барлығымыздың қабырғамызды қайыстырғаны белгілі. Бұл шараның мақсаты жарылыс салдарынан қаза болған кеншілер мен осы білім ордасының түлегі, кен орнында…

«Ұлт ұрпағының саулығы – сүт өнімдерін пайдалануда»

Бүгінгі ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, заманауи білімдерді меңгерген, бәсекеге қабілетті, салауатты ұрпақ тәрбиелеу мақсатында өткізілген «Құндылыққа негізделген тәрбие мен білім» атты ашық есік күнінде 6-сыныптардың сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Ұлт ұрпағының…

“Ұлттық қолөнер-ұлттың өшпес мұрасы”

“Құндылыққа негізделген тәрбие мен білім ” ашық есік күні аясында 9-сыныптар“Ұлттық қолөнер-ұлттың өшпес мұрасы” тақырыбында ата-аналар қыздарға жүн сабау, жіп иіру, қыздардың тақияларын сәндеу түрлерін үйрете отырып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеді.

«Қыз – әдемілік, іңкәрлік символы»

Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес «Медицинаға қадам» облыстық жобасын жүзеге асыру аясында бүгін Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында өткен «Құндылыққа негізделген тәрбие мен білім» ашық есік күні…

Медецина химия әлемінде

Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес «Медицинаға қадам» облыстық жобасын жүзеге асыру аясында бүгін Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында өткен «Құндылыққа негізделген тәрбие мен білім» ашық есік күні…

«Өнегелі өмір» жобасы аясында «Гиппократ антына адал ақ халатты абзал  жандардың еңбекпен өрілген өмірі» атты кездесу дәрігер-педиатор Шенеуова Кенже Шенеуқызы және Арменова Макена Рустамовнамен кәсіби бағдар беруші Октябрь Наурызгүлдің ұйымдастыруымен 8-11 сынып оқушылар арасында өтті.

Жамбыл атындағы ММЛИ-да 05.12.2023 күні «Өнегелі өмір» жобасы аясында «Гиппократ антына адал ақ халатты абзал жандардың еңбекпен өрілген өмірі» атты кездесу кәсіби бағдар беруші Октябрь Наурызгүлдің ұйымдастыруымен 8-11 сынып оқушылар…

Еріктілер күні

5 желтоқсан- экономикалық және әлеуметтік даму аясындағы Халықаралық “Еріктілер күніне” орай біз, 10 “Ә” сынып оқушылары аяулы мектебімізде жұмыс істеп жүрген Айгүл апайды қуанту мақсатында, кішігірім сыйлық сыйладық. Айгүл апайдың…