Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес «Медицинаға қадам» облыстық жобасын жүзеге асыру аясында бүгін Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында өткен «Құндылыққа негізделген тәрбие мен білім» ашық есік күні Хасенова Сауле Токеновна «Қыз – әдемілік, іңкәрлік символы» атты тәрбие сағатын өткізді. Сабаққа арнайы шақырылған Қарағанды медицина университетінің медициналық биофизика және биостатистика кафедрасының ассистент-профессоры Айткенова Айлаззат Айткеновна және мектеп-интернатының педиатр дәрігері Аменова Макена Рустамовна қонақта болды. Айткенова Айлаззат Айткеновна «Қыз баланың жыныстық жетілуі мен гигиенасы» туралы дәріс оқып, кеңес берді. Жасөспірім оқушылар өздерінің «Шаш күтімі», «Бет терісінің күтімі», «Тырнақ бояған дұрыспа?» т.б. презентация және буклет түрінде дайындаған жұмыстарымен бөлісті. Аменова Макена Рустамовна медицина университетінен келген ассистент-профессорға алғысын білдіріп, оқылған дәрістің және осындай мамандармен кездесу ұйымдастыру жасөспірім қыз балалар үшін маңызы зор екенін атап өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *