Мектеп жаңалықтары

“Кітап оқитын ұлт” жобасы аясында мектебімізде сәрсенбі сайын өтетін 20 минуттық кітап оқу үзілісін тиімді ұйымдастыру мақсатында 5 “ә” сынып оқушылары арасында кітап оқу іс-шарасы өткізілді.Мақсаты — оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын ояту .Мектеп кітапханасы «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында 6-сынып оқушыларымен Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» әңгімесін оқып, талқыладық. Қасқыр тағдыры арқылы табиғат пен адам арасындағы күрделі байланысты, жауапкершілік пен қатыгездік ұғымдарын сөз еттік. Оқушылар ой бөлісіп, өз пікірін ашық жеткізді, кейіпкерге баға берді. Оқушы-болашақ оқырман. Кітап-ой тәрбиесі. Олимпиадалық резервтегі оқушылар – білім мен бәсекеге қабілеттілікті шыңдауға бағытталған дарынды жастар. Дайындық барысында олар пән бойынша тереңдетілген білім алып, күрделі және логикалық тапсырмаларды орындау арқылы өз қабілеттерін дамытады. Жүйелі жаттығу, өткен жылдар есептерін талдау және уақытпен жұмыс істеу дағдылары жоғары нәтижеге жетуге мүмкіндік береді. 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңінде мектебіміздің оқушылары жүлделі Мамандандырылған мектептеп-лицей-интернаттарының арасында 7-8 сынып оқушыларына арналған шахматтан жарыста мектебіміздің командасы І орынды иеленеді. Құттықтаймыз!!! 👏🏻👏🏻👏🏻

“Кітап оқитын ұлт” жобасы аясында мектебімізде сәрсенбі сайын өтетін 20 минуттық кітап оқу үзілісін тиімді ұйымдастыру мақсатында 5 “ә” сынып оқушылары арасында кітап оқу іс-шарасы өткізілді.Мақсаты — оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын ояту .Мектеп кітапханасы

«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында 6-сынып оқушыларымен Мұхтар Әуезовтің «Көксерек» әңгімесін оқып, талқыладық. Қасқыр тағдыры арқылы табиғат пен адам арасындағы күрделі байланысты, жауапкершілік пен қатыгездік ұғымдарын сөз еттік. Оқушылар ой бөлісіп, өз пікірін ашық жеткізді, кейіпкерге баға берді. Оқушы-болашақ оқырман. Кітап-ой тәрбиесі.

Олимпиадалық резервтегі оқушылар – білім мен бәсекеге қабілеттілікті шыңдауға бағытталған дарынды жастар. Дайындық барысында олар пән бойынша тереңдетілген білім алып, күрделі және логикалық тапсырмаларды орындау арқылы өз қабілеттерін дамытады. Жүйелі жаттығу, өткен жылдар есептерін талдау және уақытпен жұмыс істеу дағдылары жоғары нәтижеге жетуге мүмкіндік береді.

7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңінде мектебіміздің оқушылары жүлделі

І орындыҚалқаман Айым 8 сынып «Қазақстан тарихы» пәнінен (Баймухатова Б.Х.)ІІ орындардыЖақсылықов Айдын 7 сынып «математика» пәнінен (Кенжебеков Д.Д.)Серикбаева Инкар 7 сынып «физика» пәнінен (Мусабекова А.М.)Асаубай Алдияр 8 сынып «география» пәнінен…

«Ауыл–қала» жобасы аясында мектебімізде Ақтоғай ауданының шағын жинақталған оқушыларына арналған «Кітап – сарқылмас қазына» тақырыбында «Read x» жобасы өткізілді. Іс-шараны кітапхана меңгерушісі Балпыкова Ж.Ж. ұйымдастырды.

«Ауыл–қала» жобасы аясында мектебімізде Ақтоғай ауданының шағын жинақталған оқушыларына арналған «Кітап – сарқылмас қазына» тақырыбында «Read x» жобасы өткізілді. Іс-шараны кітапхана меңгерушісі Балпыкова Ж.Ж. ұйымдастырды.Жобаның мақсаты – оқушыларды кітап оқуға…

«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында «Кітап оқитын педагог» санаты бойынша мектеп ұстаздарымен «Ой оятқан бес кітап» атауымен кезекті мектепішілік іс-шара өткізілді. Шара барысында жоба аясында өздері оқыған шығармаларымен пікір алмасып, өз көзқарастарын білдіріп және қазіргі өмірмен байланыстыра отырып талдау жасады. Жақсы кітап — жан азығы.

«Ауыл–қала» жобасы аясында Ақтоғай ауданы мектеп мұғалімдерімен биология пәні мұғалімі Тойбек Жансая Абзалқызының ұйымдастырумен білім беру үдерісінде АІ платформаларын тиімді қолдану арқылы оқыту сапасын арттыру және педагогтердің цифрлық құзыреттілігін дамыту мақсатында «АІ платформаларын тиімді қолдану» тақырыбында шеберлік сағаты өткізілді.

Шеберлік сағат барысында Жансая Абзалқызы өз тәжірибесімен бөлісе отырып, оқытудың тиімді әдістерін ұсынды. Шеберлік сағат соңында ұстаздар қауымы Жансая Абзалқызына өз ризашылықтарын білдіре отырып, алғыстарын айтты.