Бүгінгі ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, заманауи білімдерді меңгерген, бәсекеге қабілетті, салауатты ұрпақ тәрбиелеу мақсатында өткізілген «Құндылыққа негізделген тәрбие мен білім» атты ашық есік күнінде 6-сыныптардың сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Ұлт ұрпағының саулығы – сүт өнімдерін пайдалануда» тақырыбында 6 «Б» сыныбының ата-аналары Ш.К. Шаймина, А. Зупай сүт өнімдерінен жасалатын әр түрлі тағамдардың жасалу жолдарын оқушылармен бірлесе отырып көрсетсе, А. Аманбек қамшы өрудің қыр-сырымен таныстырды.
