Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес «Медицинаға қадам» облыстық жобасын жүзеге асыру аясында бүгін Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында өткен «Құндылыққа негізделген тәрбие мен білім» ашық есік күні химия пәні мұғалімі Файзуллина Инкар Кантарбаевна «Медицина химия әлемінде» атты сабақ өткізді. Оқушылар адам ағзасына пайдалы дәрумендерге толы ара балының түрлерімен, емдік қасиеті бар шөп және жемістермен таныстырды. Әр түрлі тәжірибе (эксперимент) көрсетілді. Сабаққа Қарағанды медицина университетінің ассистент-профессоры, «Қоғамдық денсаулық» мектебі «Қоршаған орта және денсаулық» модулі, денсаулық ісінің менеджмент магистрі Шайхина Жанат Кабдуллаевна, Қарағанды медицина университетінің медициналық биофизика және биостатистика кафедрасының ассистент-профессоры Айткенова Айлаззат Айткеновна және ата-аналар қатысты. Сабаққа қатысқан көреремендер, қонақтар жылы лебіздерін білдіріп, сабақ өте жоғары деңгейде өткенін айтып өтті.






