Рубрика: Мектеп жаңалықтары

9-11 сынып оқушылары арасында лингвистика бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде мектебіміздің оқушылары Амадыкова Махаббат (Жалгасбаева Р. А.) жүлделі І орынды, Уәлихан Мағзұм (Сламбекова К.Н.) жүлделі ІІІ орынды және грамоталармен Нуржанова Дильназ (Искакова Г.С.), Қуаныш Мерей (Баульбекова А. В.) марапатталды. Құттықтаймыз!

Облыстық «Әуезов әлемі» READx жобасына қатысып мектебіміздің оқушылары жүлделі ІІ орынды Өмірғалықызы Алтын (Какимова С.Ш.), жүлделі ІІІ орынды Қайыргельдина Наз және «Сөз майталманы-үздік спикер» номинациясымен Бақытбек Гауһар (Тилеубаева К. О.) марапатталды. Құттықтаймыз!!!

Қарағанды облысында «ұлттық мектеп және студенттер лигасының» қорытындысы жасалды. 2025 жылғы 26 қыркүйекте өткен қорытынды жиында облыстық «ұлттық мектеп және студенттер лигасының» жеңімпаздары анықталды. Жарысқа қалалар, аудандар, мамандандырылғанмектеп-интернаттар және колледждер белсене қатысып, үздік спорттық нәтижелер көрсетті.Мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттар арасында мектебіміздің командасы топ жарып, І орынды иеленді. Спорттық додаға қатысқан барлық ұстаздарымыз және оқушыларымызды құттықтаймыз!!!

Хабарландыру

Бос лауазымға конкурс:  Қазақ тілі мұғалімі — 1 бірлік, Математика пәні мұғалімі — 1 бірлік, Көркем еңбек пәні мұғалімі – 1 бірлік Құжаттарды қабылдау мерзімі: 30.08.2025 ж. Құжаттарды қабылдау кестесі: Дүйсенбі-жұма. Сағат:…

19 маусым күні 2024-2025 оқу жылының қорытындысы бойынша республикалық, халықаралық олимпиадалар, ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлері Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет ҚабдулаұлыБөлекпаевпен кездесті. Облыстың ең үздік 80 оқушысының қатарында мектебіміздің…

2025 жылдың 13 маусым күні ағылшын тілі пәні мұғалімі Г.С.Искакова 9 сыныптарға арналған “Ағылшын тілі сабағында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға арналған тапсырмалар жинағы” аясында Қарқаралы, Абай аудандары мен Шахтинск қаласының…