День: 04.12.2025

Облыстық «Әуезов әлемі» READx жобасына қатысып мектебіміздің оқушылары жүлделі ІІ орынды Өмірғалықызы Алтын (Какимова С.Ш.), жүлделі ІІІ орынды Қайыргельдина Наз және «Сөз майталманы-үздік спикер» номинациясымен Бақытбек Гауһар (Тилеубаева К. О.) марапатталды. Құттықтаймыз!!!

“Дос бол Like” жобасы аясында 5 «А» сыныбында «Күйзеліс сезімі дос па әлде жау ма?» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.”Күйзеліс” ұғымына анықтама бере отырып, оқушылар сызбаға түсіріп, сұрақтарға жауап бере отырып, өз ойларын ортаға салды.

Қарағанды облысында «ұлттық мектеп және студенттер лигасының» қорытындысы жасалды. 2025 жылғы 26 қыркүйекте өткен қорытынды жиында облыстық «ұлттық мектеп және студенттер лигасының» жеңімпаздары анықталды. Жарысқа қалалар, аудандар, мамандандырылғанмектеп-интернаттар және колледждер белсене қатысып, үздік спорттық нәтижелер көрсетті.Мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттар арасында мектебіміздің командасы топ жарып, І орынды иеленді. Спорттық додаға қатысқан барлық ұстаздарымыз және оқушыларымызды құттықтаймыз!!!