День: 01.12.2025

1 желтоқсан “Өміршеңдік ресурстары” жобасы аясында 9 “ә” сыныбы оқушыларымен “Позитивті ойлау — өміршеңдік көзі” атты сынып сағаты өтті. Мақсаты: өмірде кездесетін қиындықтарды жеңуде бір-біріне қол ұшын созу, қайырымдылық таныту дағдыларын дамыту. Сабақ барысында оқушылар мейірімділік, махаббат, қайырымдылық пен адалдық ақ жүректен шығатындығын талқылады.Сынып жетекшісі Қыйлыбай Ә.Б.Тәрбиеші Құсайын Т.Д.

Қарағанды облысының прокуратурасы қылмыстық құқықбұзушылықтардың негізгі түрлерінің алдын алуға арналған материалдары бар QR-код әзірледі. QR-кодта өзекті тақырыптар бойынша қысқаша иллюстрацияланған брошюралар қамтылған: интернет-алаяқтық, есірткі қылмыстары, «дропперлік», жол қауіпсіздігі, жанжал жағдайлары және интернеттегі мінез-құлық әдебі. Материалдарда деректі фильмдерге және облыстық прокуратураның ресми парақшаларына сілтемелер берілген.

Көрсетілген QR-кодпен кіріп ,танысуға болады.

2025 ж. 1 желтоқсан айында «Цифрлық кеңістіктегі жеке шекаралар» тақырыбында досбол_лайк сабағы 7Б сыныбында өтті.

Сабақтың мақсаты: оқушылардың цифрлық шекаралар туралы түсінігін қалыптастыру және интернеттегі қауіпсіздікке үйрету. Сабақта оқушылар цифрлық жағдаяттарды талқылады, «Сөйлемді аяқта» жатығуын орындады, «RED FLAG / GREEN FLAG» мини-ойын ойнады. Сабақ қызықты…

7, 8-сынып интернат тәрбиеленушілері Тәттімбет Қазанғапұлының 210 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылған күй кешіне қатысып қайтты.

Ұлы күйшінің мұрасымен жақын танысып, қазақтың дәстүрлі күй өнерінің тереңдігі мен шынайы рухын сезінді. Бұл шара оқушыларға ұлттық мәдениетімізді құрметтеуге, өнердің құндылығын түсінуге үлкен мүмкіндік болды.

“Дос бол Like” жобасы аясында 5 «А» сыныбында «Күйзеліс сезімі дос па әлде жау ма?» тақырыбында сынып сағаты өткізілді.”Күйзеліс” ұғымына анықтама бере отырып, оқушылар сызбаға түсіріп, сұрақтарға жауап бере отырып, өз ойларын ортаға салды.