Жамбыл атындағы ММЛИ-да 05.12.2023 күні «Өнегелі өмір» жобасы аясында «Гиппократ антына адал ақ халатты абзал жандардың еңбекпен өрілген өмірі» атты кездесу кәсіби бағдар беруші Октябрь Наурызгүлдің ұйымдастыруымен 8-11 сынып оқушылар арасында өтті.
Жобаның мақсаты: жетістік пен табысқа жеткен тұлғалардың іс-тәжірибесімен, бейнесімен танысу арқылы жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру және кәсіби бағдарлау.
«Өнегелі өмір» жобасы аясында «Гиппократ антына адал ақ халатты абзал жандардың еңбекпен өрілген өмірі» атты сыр сұхбатымызға арнайы шақырылған қонақтарымыз, мектебіміздің денсаулық сақтау саласына үлесін қосқан, білікті де білімді 42 жыл тәжірибелі, Қалалық №1 ауруханасының жасөспірімдер кабинетінің дәрігер-педиаторы Шенеуова Кенже Шенеуқызы және мектебіміздің және интернат оқушыларының жүрегіне жылу ұялатып, дертіне шипа, көңіліне медеу бола білген, жалпы 42 жыл өтілі бар, біздің мектепте 26-шы жыл істеп келе жатқан дәрігер-педиаторымыз Арменова Макена Рустамовна бүгін бізде қонақта болды.
Сыр-сұхбат барысында қонақтар оқушыларға өз өмірі, мамандығы туралы баяндап, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
«Денсаулық сақтау саласы тарихында өз ісінің білгірі атанған абзал жандар аз болмағанын Сіздер жақсы білесіздер. Бүгінде олардың қалыптастырған дәстүрлі жолын лайықты жалғастырып келесіздер. Өздеріңіздің елеулі еңбектеріңіз әрдайым ерекше құрмет пен сенімге ие. Қаншама адамның жанына дауа, тәніне шипа болардай ем тауып, өміріне араша түсіп жүрсіздер. «Медицина кәсібі – адамгершіліктің асылы» дейді ұлы ойшылдар. Сондықтан, сіздерге денсаулығын жақсарту жолындағы қажырлы еңбектеріңіз үшін алғысымды білдіреміз. Бүгін мектебімізге келіп, уақыттарыңызды бөлгендеріңіз үшін рақмет айтамыз, сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілейміз» — деп сөзін аяқтады кәсіби бағдар беруші Октябрь Наурызгуль.


