Мектеп жаңалықтары

Кітап оқитын ұлт” жобасы аясында мектебімізде сәрсенбі сайын өтетін 20 минуттық кітап оқу үзілісін тиімді ұйымдастыру мақсатында 6 “а” сынып оқушылары үшін“Book bingo“ ойыны өткізілді.Мақсаты — оқушылардың білімін тереңдетіп, тіл байлығын молайту, логикалық ойлауын дамыту.Мектеп кітапханасы @umckrg «Ұлттық мектеп лигасы» аясында өткен мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының 7-8 сынып оқушылары арасында волейболдан жарыста мектебіміздің қыздар командасы ІІІ орынды иеленді. Құттықтаймыз!!! 9-11 сынып оқушылары арасында лингвистика бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде мектебіміздің оқушылары Амадыкова Махаббат (Жалгасбаева Р. А.) жүлделі І орынды, Уәлихан Мағзұм (Сламбекова К.Н.) жүлделі ІІІ орынды және грамоталармен Нуржанова Дильназ (Искакова Г.С.), Қуаныш Мерей (Баульбекова А. В.) марапатталды. Құттықтаймыз! «Ұлттық мектеп лигасы» аясында өткен мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының 9-11 сынып оқушылары арасында волейболдан жарыста мектебіміздің ұлдар командасы І орынды, қыздар командасы ІІІ орынды иеленді. Құттықтаймыз!!! Облыстық «Әуезов әлемі» READx жобасына қатысып мектебіміздің оқушылары жүлделі ІІ орынды Өмірғалықызы Алтын (Какимова С.Ш.), жүлделі ІІІ орынды Қайыргельдина Наз және «Сөз майталманы-үздік спикер» номинациясымен Бақытбек Гауһар (Тилеубаева К. О.) марапатталды. Құттықтаймыз!!!

1001 мақал, 101 жұмбақ байқауы

2023 жылдың желтоқсан айының 14 күні С.К. Разбекова мен кітапханашы Ж.Ж. Балпыкованың ұйымдастыруымен ел тарихын дәріптеу, халық ауыз әдебиетін дамыту, халық мұрасын, тарихын сақтау және жалғастыру, тапқырлық пен ой ұшқырлығына…

Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университеті Экономика факультетінен э.ғ.к., профессор Райханова Г.А., э.ғ.м., аға оқытушы Таттымбетова К.Т., э.ғ.м., аға оқытушы Рахимжова Г.К., э.ғ.м., оқытушы Нұржан М.Ә. мектебіміздің 11-ші сынып оқушыларына кәсіби бағдар беруге келді.

«Бата – ұлттық тәлім – тәрбиенің бастауы»

Мектебімізде «Құндылыққа негізделген тәрбие мен білім» атты ашық есік күніне орай 7- сынып оқушылары арасында «Бата – ұлттық тәлім – тәрбиенің бастауы» атты іс- шара өткізілді. Мақсаты оқушыларға бата туралы…

«Азамат ердің баласы»

28 қазанға қараған түні «АрселорМиттал қарамағындағы Костенько » кенішінде болған жарылыс барлығымыздың қабырғамызды қайыстырғаны белгілі. Бұл шараның мақсаты жарылыс салдарынан қаза болған кеншілер мен осы білім ордасының түлегі, кен орнында…

«Ұлт ұрпағының саулығы – сүт өнімдерін пайдалануда»

Бүгінгі ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, заманауи білімдерді меңгерген, бәсекеге қабілетті, салауатты ұрпақ тәрбиелеу мақсатында өткізілген «Құндылыққа негізделген тәрбие мен білім» атты ашық есік күнінде 6-сыныптардың сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Ұлт ұрпағының…