2023 жылдың желтоқсан айының 14 күні С.К. Разбекова мен кітапханашы Ж.Ж. Балпыкованың ұйымдастыруымен ел тарихын дәріптеу, халық ауыз әдебиетін дамыту, халық мұрасын, тарихын сақтау және жалғастыру, тапқырлық пен ой ұшқырлығына тәрбиелеу мақсатында «Тарих пен тіл тамырлас» атты шара аясында мектебіміздің 6-сынып оқушылары арасында «1001 мақал, 101 жұмбақ» атты танымдық байқауы өткізілді. 6 айналымнан тұрған мазмұны терең, құны артып, қымбат қазынаға айналған сөз бәйгесінде қатысушылар ерекше белсенділік танытып, нәтижесінде 6 «А» сынып оқушысы Айтбайұлы Әділет І орынды, 6 «Ә» сынып оқушысы Наскен Әділет ІІ орынды және Шаухар Жұлдыз ІІІ орынды иеленді. Сонымен бірге соңғы «Көрермендер көрімдігі» айналымында көрермен оқушылардың арасында жұмбақтар жасырылып, сол жұмбақтың шешуін шапшаңдықпен таба білген белсенді оқушыларға жұмбақтың жауабына байланысты сыйлықтар табыс етілді.

