Навигация по записям 1 желтоқсан “Өміршеңдік ресурстары” жобасы аясында 9 “ә” сыныбы оқушыларымен “Позитивті ойлау — өміршеңдік көзі” атты сынып сағаты өтті. Мақсаты: өмірде кездесетін қиындықтарды жеңуде бір-біріне қол ұшын созу, қайырымдылық таныту дағдыларын дамыту. Сабақ барысында оқушылар мейірімділік, махаббат, қайырымдылық пен адалдық ақ жүректен шығатындығын талқылады.Сынып жетекшісі Қыйлыбай Ә.Б.Тәрбиеші Құсайын Т.Д. «Ұлттық мектеп лигасы» аясында өткен мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының 9-11 сынып оқушылары арасында волейболдан жарыста мектебіміздің ұлдар командасы І орынды, қыздар командасы ІІІ орынды иеленді. Құттықтаймыз!!!