Мектебімізде «Құндылыққа негізделген тәрбие мен білім» атты ашық есік күніне орай 7- сынып оқушылары арасында «Бата – ұлттық тәлім – тәрбиенің бастауы» атты іс- шара өткізілді. Мақсаты оқушыларға бата туралы толыққанды мәлімет беру, бата түрлерімен, оның маңыздылығымен таныстыру, батаны өмірде қолдана білуге, бата беріп үйренуге баулу, имандылыққа, салт-дәстүрді дәріптеуге тәрбиелеу. Іс-шараға арнайы шақыртылған ақ сақалды қарияларымыз оқушыларға батаның берілуі, түрлері, қазақ халқы үшін маңызы туралы сөз қозғап, терең мағыналы мәліметтер берді. Сонымен қатар «тұсау кесер» дәстүрі көрсетіліп, оқушылар домбырада күй шертті, ән де айтты.
Өткізген: Қыйлыбай Ә.Б., Искакова Г.С., Баульбекова С.А.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *