Мектеп жаңалықтары

Бүгін 7, 8 сынып интернат тәрбиеленушілері арасында Тәуелсіздік күніне орай волейболдан жарыс өтті.Оқушылар белсенділік танытып, командалық рух пен шеберліктерін көрсетті. Бүгін,Тәуелсіздік күніне арналған саптық жиын өтті. Оқушылар белсенді қатысып, Отанға деген құрметін көрсетті. Кітап оқитын ұлт” жобасы аясында мектебімізде сәрсенбі сайын өтетін 20 минуттық кітап оқу үзілісін тиімді ұйымдастыру мақсатында 6 “а” сынып оқушылары үшін“Book bingo“ ойыны өткізілді.Мақсаты — оқушылардың білімін тереңдетіп, тіл байлығын молайту, логикалық ойлауын дамыту.Мектеп кітапханасы @umckrg «Ұлттық мектеп лигасы» аясында өткен мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының 7-8 сынып оқушылары арасында волейболдан жарыста мектебіміздің қыздар командасы ІІІ орынды иеленді. Құттықтаймыз!!! 9-11 сынып оқушылары арасында лингвистика бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде мектебіміздің оқушылары Амадыкова Махаббат (Жалгасбаева Р. А.) жүлделі І орынды, Уәлихан Мағзұм (Сламбекова К.Н.) жүлделі ІІІ орынды және грамоталармен Нуржанова Дильназ (Искакова Г.С.), Қуаныш Мерей (Баульбекова А. В.) марапатталды. Құттықтаймыз!

Хабарландыру

Бос лауазымға конкурс: Ағылшын тілі мұғалімі – 1,25 жүктеме Құжаттарды қабылдау мерзімі: 13.11.2023ж. Құжаттарды қабылдау кестесі: Дүйсенбі-жұма. Сағат: 9.00-18.00-ге дейін. Мекен-жайы: 12-ші шағын аудан, 3а, Телефон нөмірі: 8(7212) 45-16-49, Электрондық…

Интербелсенді әдіс-тәсілдерді сабақта қолдану

2023 жылдың 2 қараша күні мектебімізде «Интербелсенді әдіс-тәсілдерді сабақта қолдану» тақырыбында семинар өтті. Ұйымдастырған информатика пәні мұғалімі Б.М.Мухамеджанова. Kahoot — ойын түріндегі оқыту платформасы. Сайтты Skype немесе Google Hangouts сияқты…

Lesson study — сабақты зерттеу үдерісі

2023 жылдың 2 қараша күні мектебімізде «Lesson study — сабақты зерттеу үдерісі» тақырыбында коучинг өтті. Белсенді оқу әдістерін ұтымды қолдана отырып, білім берудегі кедергілерді жоюды мақсат еткен коучингті директордың оқу-тәрбие…

«Ауыл-қала» жобасы бойынша күзгі каникулда өткен іс-шаралар

Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының мұғалімдері күзгі каникул кезінде Нұра ауданы мектеп мұғалімдері мен оқушылары арасында семинар өткізді. Атаулы іс-шарада Жамбыл мектебінің ұстаздары ерекше белсенділік танытып, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Информатика пәнінің…

Ұлтын сүйген ұлы жүрек

2023 жылдың қазан айының 23 күні жыр пырағы – Мағжан шығармалары арқылы оқушылардың әдебиетке деген таным-біліктерін шыңдау, ой-өрісін арттыру, ауызша сөйлеу мәдениетін, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ақын шығармашылығын үлгі ете отырып,…

Жыл мұғалімі — 2023

2023 жылдың 20-27 қараша аралығында «Жыл мұғалімі — 2023» байқауының мектепшілік кезеңі өтті. Дәстүрге айналған конкурс ұстаздарды ғылыми зерттеулермен айналысып, кәсіби тұрғыда дамуға және кәсіби ізденістерін арттыруға ынталандырады. Биылғы байқауға…

Қауіпсіз деп ойлама, ғаламтормен ойнама

Мектебімізде 6 сынып оқушылары арасында «Қауіпсіз деп ойлама, ғаламтормен ойнама» атты тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатына учаскелік полиция инспекторы полиция аға лейтенанты Имантаев Темірлан Серікұлы қатысып, оқушыларға пайдалы ақпараттармен бөлісті.

Адамдардың сөйлесу этикеті

«Әсемдік әлемі» эстетикалық сауаттылық апталық аясындағы «Адамдардың сөйлесу этикеті» тақырыбына өткізілген әңгімеден көріністер. Өткізгендер: мектеп психологі Кузеуова К.К. музей меңгерушісі Қонқабаева Г.

Әсемдік әлемі

«Әсемдік әлемі»атты эстетикалық сауаттылық апталығында мектебіміздің көркем еңбек пәні мұғалімі:Исагулов Манатбек Сайлаубекович жетекшілік ететін «шебер қолдар»үйірмесінде оқушылардың бейнелеу өнері,қолөнер,ағаштан,сүйектен жасалған жұмыстары қойылды.