Мектеп жаңалықтары

Бүгін 7, 8 сынып интернат тәрбиеленушілері арасында Тәуелсіздік күніне орай волейболдан жарыс өтті.Оқушылар белсенділік танытып, командалық рух пен шеберліктерін көрсетті. Бүгін,Тәуелсіздік күніне арналған саптық жиын өтті. Оқушылар белсенді қатысып, Отанға деген құрметін көрсетті. Кітап оқитын ұлт” жобасы аясында мектебімізде сәрсенбі сайын өтетін 20 минуттық кітап оқу үзілісін тиімді ұйымдастыру мақсатында 6 “а” сынып оқушылары үшін“Book bingo“ ойыны өткізілді.Мақсаты — оқушылардың білімін тереңдетіп, тіл байлығын молайту, логикалық ойлауын дамыту.Мектеп кітапханасы @umckrg «Ұлттық мектеп лигасы» аясында өткен мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының 7-8 сынып оқушылары арасында волейболдан жарыста мектебіміздің қыздар командасы ІІІ орынды иеленді. Құттықтаймыз!!! 9-11 сынып оқушылары арасында лингвистика бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде мектебіміздің оқушылары Амадыкова Махаббат (Жалгасбаева Р. А.) жүлделі І орынды, Уәлихан Мағзұм (Сламбекова К.Н.) жүлделі ІІІ орынды және грамоталармен Нуржанова Дильназ (Искакова Г.С.), Қуаныш Мерей (Баульбекова А. В.) марапатталды. Құттықтаймыз!

«Кенгуру» ойын-конкурсы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ «ДАРЫН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫның ұйымдастыруымен «Кенгуру» ойын-конкурсы өткізілді. Мектебіміздің 6-7 сынып оқушылары І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды.

Хабарландыру

Бос лауазымға конкурс: Тәрбиеші– 1,0 жүктемеҚұжаттарды қабылдау мерзімі: 31.10.2023ж.Құжаттарды қабылдау кестесі: Дүйсенбі-жұма. Сағат: 9.00-18.00-ге дейін. Мекен-жайы: 12-ші шағын аудан, 3а, Телефон нөмірі: 8(7212) 45-16-49, Электрондық почта: krg_7mektep@mail.ru. Мектеп сайты: https://krgobl-schzhambyl.edu.kz…

«Шағын Компьютерлік Академия» бағдарламасын ұсынды

Компьютерлік Академия Шаг 12-14 жас аралығындағы балаларға арналған «Шағын Компьютерлік Академия» бағдарламасын ұсынды. Біздің балаларға арналған бағдарламалау мен цифрлық дизайнның қызықты әлемін ашуға мүмкіндік бере алатынын және балалардың табысты болашағы…

«Менің шағын Отаным»

2023 жылдың 16 қазанында Қарағанды облысы білім басқармасы «Сарыарқа дарыны» оқушыларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде (тарих факультеті) жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным»…

Сарыарқа дарыны

2023 жылдың 13 қазанында Қарағанды облысы білім басқармасы «Сарыарқа дарыны» оқушыларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығының жылдық жоспарына сәйкес 8-11 сынып оқушылары арасында «Ақберен» республикалық байқауының облыстық іріктеу кезеңі…