2023 жылдың 20-27 қараша аралығында «Жыл мұғалімі — 2023» байқауының мектепшілік кезеңі өтті. Дәстүрге айналған конкурс ұстаздарды ғылыми зерттеулермен айналысып, кәсіби тұрғыда дамуға және кәсіби ізденістерін арттыруға ынталандырады. Биылғы байқауға 5 мұғалім қатысып, ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс шаралар ұйымдастырған болатын. Конкурстың ІІІ кезеңінде ұстаздар «Педагогтың визиттік карточкасы», «Ашық микрофон», «Мұғалімнің демалыс күні», «Менің өнерім» шарттары бойынша кәсіби және шығармашылық қабілеттерін ортаға салды. Әділқазылар шешімі бойынша «Жыл ұстазы — 2023» атағына қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Разбекова Сана Какеновна лайық деп танылды. Сонымен қатар конкурсқа қатысқан басқа да ұстаздарға түрлі номинациялар табысталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *