Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернатының  мұғалімдері күзгі каникул кезінде Нұра ауданы мектеп мұғалімдері мен оқушылары арасында семинар өткізді. Атаулы  іс-шарада  Жамбыл мектебінің ұстаздары ерекше белсенділік танытып, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Информатика пәнінің мұғалімі Мухамеджанова Бақытжан Муратовна “Ақпараттық сауаттылық” туралы, биология пәнінің мұғалімі Тойбек Жансая Абзалқызы “Ғылыми жоба жазу ерекшелігі” тақырыбында  коучинг-семинар өткізді. Семинарға қатысушы ұстаздар әріптестеріне өз ризашылылықтарын білдіріп, алғыстарын айтты.

    “Ауыл-қала” жобасы бойынша өткен іс-шараны  каникул кезінде Нұра ауданының  мектеп  оқушыларымен тарих пәнінің мұғалімі Табынбекова Мейрамкуль Амирбековна “Қазақстан тарихын меңгерудің тиімді жолдары” тақырыбы бойынша онлайн түрінде шеберлік сабағын өткізіп, физика пәнінің мұғалімі Мусабекова Айнур Маратовна “Физика есептерін шығару әдістері” атты дәріс сабағымен жалғастырды. Математика пәнінің мұғалімі Муханмедина Кәмшат Тлеукабыловна “Математикалық сауаттылық бойынша есептерді талдау” атты сабақ өткізді. 11-сынып оқушыларымен өткізілген әр сабақта ҰБТ-ға жүйелі дайындалудың әдіс-тәсілдері практикалық негізде ұйымдастырылды. Осы семинарда 9-сынып оқушылары үшін  химия пәнінің мұғалімі Файзуллина Инкар Қаңтарбаевна білім алушылардың оқу  жетістіктеріне арналған мониторинг тапсырмаларын орындату  арқылы «білім деңгейлерін жетілдіру» диаграммасын анықтады. “Ауыл-қала” жобасы бойынша өткізілген шеберлік сабақтарды оқушылар жоғары бағалап, қызықты сәттерімен бөлісті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *