Мектеп жаңалықтары

Кітап оқитын ұлт” жобасы аясында мектебімізде сәрсенбі сайын өтетін 20 минуттық кітап оқу үзілісін тиімді ұйымдастыру мақсатында 6 “а” сынып оқушылары үшін“Book bingo“ ойыны өткізілді.Мақсаты — оқушылардың білімін тереңдетіп, тіл байлығын молайту, логикалық ойлауын дамыту.Мектеп кітапханасы @umckrg «Ұлттық мектеп лигасы» аясында өткен мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының 7-8 сынып оқушылары арасында волейболдан жарыста мектебіміздің қыздар командасы ІІІ орынды иеленді. Құттықтаймыз!!! 9-11 сынып оқушылары арасында лингвистика бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде мектебіміздің оқушылары Амадыкова Махаббат (Жалгасбаева Р. А.) жүлделі І орынды, Уәлихан Мағзұм (Сламбекова К.Н.) жүлделі ІІІ орынды және грамоталармен Нуржанова Дильназ (Искакова Г.С.), Қуаныш Мерей (Баульбекова А. В.) марапатталды. Құттықтаймыз! «Ұлттық мектеп лигасы» аясында өткен мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының 9-11 сынып оқушылары арасында волейболдан жарыста мектебіміздің ұлдар командасы І орынды, қыздар командасы ІІІ орынды иеленді. Құттықтаймыз!!! Облыстық «Әуезов әлемі» READx жобасына қатысып мектебіміздің оқушылары жүлделі ІІ орынды Өмірғалықызы Алтын (Какимова С.Ш.), жүлделі ІІІ орынды Қайыргельдина Наз және «Сөз майталманы-үздік спикер» номинациясымен Бақытбек Гауһар (Тилеубаева К. О.) марапатталды. Құттықтаймыз!!!

Жамбыл атындағы мамандырылған мектеп- лицей -интернатында » Бірыңғай өрт қауіпсіздігі күнін» өткеніне байланысты өртте адам өлімінің алдын алу мақсатында оқушылармен өткізілген жиналыс.

Сүйінші! 10-12 ақпан аралығында«Ұлттық мектеп лигасы» аясында мамандандырылғанмектеп-лицей-интернаттарының 7-8 сынып оқушылары арасында волейболдан өткен жарыста мектебіміздің ұлдар командасы І орынды, қыздар командасы ІІ орынды иеленді. Жетекшілері Жунусов Ж.С.

Қарағанды облысы білім басқармасының Теміртау қаласы білім бөлімі бауырласмектептердің ата-аналары арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізілгенволейболдан жарыста мектебіміздің ата-аналары «Бас жүлдені» жеңіп алды. Құттықтаймыз!!! Мектебіміздің қоғамдық өміріне белсенділік танытып…

Ақпан айының 5 күні мектебімізде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес, мемлекеттік сыйлықтың иегері, көрнекті жазушы Ілияс Есенберлиннің 110 жылдығына арналған «Қатерлі өткел» романы бойынша «Адасқан ақын»…

Құрметті ұстаздар мен оқушылар!2025 жылдың ақпан айының 10-мен 14-і аралығында Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында «Цифрлық әлем» атты ақпараттық және компьютерлік сауаттылықты дамыту апталығы өткізіледі.Бүгін біз «Цифрлық әлем» атты ақпараттық және…

Сүйінші! 6-8 ақпан аралығында«Ұлттық мектеп лигасы» аясында мамандандырылғанмектеп-лицей-интернаттарының 9-11 сынып оқушылары арасында волейболдан өткен жарыста мектебіміздің ұлдар командасы І орынды, қыздар командасы ІІ орынды иеленді. Жетекшілері Аменов Ж.А.