Ақпан айының 5 күні мектебімізде Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес, мемлекеттік сыйлықтың иегері, көрнекті жазушы Ілияс Есенберлиннің 110 жылдығына арналған «Қатерлі өткел» романы бойынша «Адасқан ақын» атты сахналық қойылым қойылды. Талапты да талантты оқушылар өздерінің актерлік шеберліктерімен көрермендерді тәнті етті. Шара қонақтары оқу-әдістемелік орталығының басшысы Абдикерова Бакиткул Химальдиновна, ҚР Білім беру ісінің үздігі, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Смағұлова Ғазиза Ғабдоллаевна және білім беру ұйымдарының педагогтері болды. Бұл мерейтойлық шара Ілияс Есенберлиннің әдеби мұрасын ұлықтап, мектеп оқушылары мен шара қонақтары, мектеп ұстаздары үшін үлкен рухани байлыққа айналды. Жазушының 110 жылдық мерейтойы – оның шығармашылығын жаңғыртуға, жас ұрпаққа мұра етуге тамаша мүмкіндік. Ілияс Есенберлин – қазақ рухының шамшырағы, ұлттық сананың оятушысы. Оның қаламынан туған әрбір
шығармасы – ұрпаққа аманат. Ілияс Есенберлиннің рухани мұрасы әрқашан ұлықталып, кейінгі ұрпақтың санасында мәңгі сақталары сөзсіз. Бұл шараның мақсаты да осы мұраны насихаттау, жас жеткіншек санасына сіңіру болатын. Бұл облыстық шараны қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Тилеубаева К.О., Разбекова С.К., Какимова С.Ш., Тойжанова Ш.Б. шебер ұйымдастыра білді.

