Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
2025 жылдың ақпан айының 10-мен 14-і аралығында Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында «Цифрлық әлем» атты ақпараттық және компьютерлік сауаттылықты дамыту апталығы өткізіледі.
Бүгін біз «Цифрлық әлем» атты ақпараттық және компьютерлік сауаттылықты дамыту апталығын бастаймыз.
Бұл апталықтың басты мақсаты – сіздердің цифрлық технологияларды меңгеру деңгейлеріңізді арттырып, информатика пәніне деген қызығушылықты ояту.
Апта бойы біз ақпараттық мәдениетті дамытуға, заманауи технологияларды тиімді пайдалануға бағытталған қызықты іс-шаралар өткіземіз. Сонымен қатар, күнделікті өмірде және білім алу барысында АКТ құралдарын қолдану дағдыларыңызды жетілдіру үшін түрлі тапсырмалар мен тренингтер ұйымдастырылады.
Бұл апталық – тек білім жинау ғана емес, өзара іс-тәжірибе алмасып, жаңа мүмкіндіктерді игеру кезеңі. Баршаңызға сәттілік тілейміз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *