Мектеп жаңалықтары

Кітап оқитын ұлт” жобасы аясында мектебімізде сәрсенбі сайын өтетін 20 минуттық кітап оқу үзілісін тиімді ұйымдастыру мақсатында 6 “а” сынып оқушылары үшін“Book bingo“ ойыны өткізілді.Мақсаты — оқушылардың білімін тереңдетіп, тіл байлығын молайту, логикалық ойлауын дамыту.Мектеп кітапханасы @umckrg «Ұлттық мектеп лигасы» аясында өткен мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының 7-8 сынып оқушылары арасында волейболдан жарыста мектебіміздің қыздар командасы ІІІ орынды иеленді. Құттықтаймыз!!! 9-11 сынып оқушылары арасында лингвистика бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде мектебіміздің оқушылары Амадыкова Махаббат (Жалгасбаева Р. А.) жүлделі І орынды, Уәлихан Мағзұм (Сламбекова К.Н.) жүлделі ІІІ орынды және грамоталармен Нуржанова Дильназ (Искакова Г.С.), Қуаныш Мерей (Баульбекова А. В.) марапатталды. Құттықтаймыз! «Ұлттық мектеп лигасы» аясында өткен мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының 9-11 сынып оқушылары арасында волейболдан жарыста мектебіміздің ұлдар командасы І орынды, қыздар командасы ІІІ орынды иеленді. Құттықтаймыз!!! Облыстық «Әуезов әлемі» READx жобасына қатысып мектебіміздің оқушылары жүлделі ІІ орынды Өмірғалықызы Алтын (Какимова С.Ш.), жүлделі ІІІ орынды Қайыргельдина Наз және «Сөз майталманы-үздік спикер» номинациясымен Бақытбек Гауһар (Тилеубаева К. О.) марапатталды. Құттықтаймыз!!!

Алғыс айту парызым

Көктемнің алғашқы мерекесі 1наурыз «Алғыс айту» мерекесіне орай мектеп мұражайында 6″а» сынып оқушылары ата-аналарына, ұстаздарына алғыстарын білдіріп» Алғыс айту парызым» атты тәрбиелік сағатын ұйымдастырдыЖауаптылар: Көркем еңбек пәні мұғалімі Каримова Айман,…

Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні.

Алғыс – адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай — ақ оның ойы мен іс — әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі!Алғыс айту күніне орай “Қоржын” акциясы…

Біз — чемпион

«Денің сау болса, бәрін аласың» тақырыбына арналған дене шынықтыру және алғашқы әскери дайындық сауаттылық апталығы желісінде 7 сынып жетекшілері мен оқушылары арасында «Біз — чемпион» атты эстафеталық жарыс өтті

Ұлттық құндылықтар бір ұлттың болмысында ғасырлар бойы атадан балаға мирас болып келе жатқан, әр халықтың тарихын, дәстүрлерін сонау көне ғасырлардан біздің уақытқа дейін жеткізген құрал.Әлем қазақ елін осы оюымен, оюлы…