Алғыс айту күні
Алғыс айту — жүрекке жылу сыйлайтын керемет қасиет, қарапайым адамгершілік парыз. Алғыс айта білген адам алғыс арқалай алады демекші Жамбыл атындағы ММЛИ 10 «А» сынып оқушылары мектеп қызметкерлеріне өз алғыстарын…
Жамбыл Азаматұлымен сыр-сұхбат
Мектебімізде кешегі күні Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың тарих факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Жұмабеков Жамбыл Азмұханұлымен сыр-сұхбат өтті.9-сынып оқушылары көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, ашық пікір алыс болды. Мектебімізге келіп, оқушыларымызбен…
Менің әкем ең жақсы адам
Алғыс айту күніне орай 6б сынып оқушысы Кенесары Әлішер «Менің әкем ең жақсы адам» деп әкесіне алғысын білдірді.
Жақсылық жасап жарысайықшы
«Жақсылық жасап жарысайықшы!» 6 б сынып оқушылары үлкен кісілерге қамқорлық танытып, көмектесіп, қарттарымыздың батасын алып алғысқа бөленді.
Ұлттық біріңғай тест алынды
01.03.2024ж. күні 11 сынып оқушылары Edutest орталығымен бірлесе отырып, Ұлттық біріңғай тест алынды. Мақсаты білімдерін тиянақтау, қолдана білу, дайындық жұмыстарын күшейту
1 Наурыз — алғыс айту күні
1 наурыз – Алғыс айту күні түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды. Сондай-ақ бұл күн ел бірлігін бекемдеумен қатар, тұғырлы татулығымыз бен ырысты ынтымағымызды жаңа белеске жетелейді.
ББЖМ -ға дайындық
29.02.2024ж. күні мектебімізде 9 сыныптарды ББЖМ-ға дайындау үшін білімалушылардың білім сапасын бағалау мақсатында Edutest орталығымен бірлесе отырып онлайн тест алынды. Барлығы 66 оқушы қатысып, білімдерін тексерді
10-сыныптар арасында пікірсайыс өтті
«Құқықтық навигатор» апталығы аясында 10-сыныптар арасында «Бұл палата референдум мен сайлауларды толықтай халықаралық ұйымдар өткізу керек деп санайды» тақырыбында пікірсайыс өткізілді. Жетекшісі Баданов Н.
Мен сенің өміріңнің жалғасымын
Мектебімізде өткен «Әке жолы- ізгі жол » айлығын қорытындылап,” Мен сенің өміріңнің жалғасымын» атты сазды кеш өткізілді.келген қонақтар керемет әсерлерімен бөлісіп ризашылықтарын білдірді.

