Мектеп жаңалықтары

Кітап оқитын ұлт” жобасы аясында мектебімізде сәрсенбі сайын өтетін 20 минуттық кітап оқу үзілісін тиімді ұйымдастыру мақсатында 6 “а” сынып оқушылары үшін“Book bingo“ ойыны өткізілді.Мақсаты — оқушылардың білімін тереңдетіп, тіл байлығын молайту, логикалық ойлауын дамыту.Мектеп кітапханасы @umckrg «Ұлттық мектеп лигасы» аясында өткен мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының 7-8 сынып оқушылары арасында волейболдан жарыста мектебіміздің қыздар командасы ІІІ орынды иеленді. Құттықтаймыз!!! 9-11 сынып оқушылары арасында лингвистика бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде мектебіміздің оқушылары Амадыкова Махаббат (Жалгасбаева Р. А.) жүлделі І орынды, Уәлихан Мағзұм (Сламбекова К.Н.) жүлделі ІІІ орынды және грамоталармен Нуржанова Дильназ (Искакова Г.С.), Қуаныш Мерей (Баульбекова А. В.) марапатталды. Құттықтаймыз! «Ұлттық мектеп лигасы» аясында өткен мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының 9-11 сынып оқушылары арасында волейболдан жарыста мектебіміздің ұлдар командасы І орынды, қыздар командасы ІІІ орынды иеленді. Құттықтаймыз!!! Облыстық «Әуезов әлемі» READx жобасына қатысып мектебіміздің оқушылары жүлделі ІІ орынды Өмірғалықызы Алтын (Какимова С.Ш.), жүлделі ІІІ орынды Қайыргельдина Наз және «Сөз майталманы-үздік спикер» номинациясымен Бақытбек Гауһар (Тилеубаева К. О.) марапатталды. Құттықтаймыз!!!

«Кеншілер Астана кубогы» республикалық турнирінен 3 орын иелендік

2024 жылдың 24 ақпан күні Қарағанды қаласы «Жастар» СН өткен кекушинкай каратэден «Кеншілер Астана кубогы» республикалық турнирінде 12-13 жас арасында 35 кг дейін салмақ дәрежесі бойынша Жамбыл атындағы ММЛИ 6…

Ер қанаты — ат!

2024 жылдың 05-26 ақпан аралығында Қарағанды облысының білім беру ұйымдарында Біртұтас тәрбие бағдарламасымен жүзеге асыру аясында Әкелер айлығының жоспары бойынша «Ер қанаты — ат!» тақырыбында ғылыми жоба өтті. Жетекші 7…

Шебер — әке, еңбекқор — бала

26-29 ақпан аралығында мектебімізде «Әке жолы – ізгі жол» әкелер айлығының жоспары негізінде 6 «Ә», «Б» сыныптарының шебер әкелері мен оқушыларының бірігіп жасаған қолөнер бұйымдарынан «Шебер – әке, еңбекқор –…

О тебе, моя Караганда

Қарағанды облысы оқушыларына арналған “Отбасылық оқу кітапханасы” жобасы аясында«О тебе, моя Караганда!» облыстық оқырман байқауында Хамзенова Адель 2 орын және Нуржанова Дильназ 3 орын иеленді.Жетекшісі: Искакова Гаухар Сайлаубековна.