2023 жылдың 16 қазанында Қарағанды облысы білім басқармасы «Сарыарқа дарыны» оқушыларға қосымша білім беру аймақтық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінде (тарих факультеті) жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» республикалық интеллектуалдық конкурсының облыстық кезеңі өткізілді. Нәтижесінде мектебіміздің 10-сынып оқушысы Абдикахорова Ұлжан мен 9-сынып оқушысы Рымбек Айша ІІ орындарды иеленді. Жетекшілері Б.Х. Баймухатова, М.А. Табынбекова.

