Мектеп жаңалықтары

Бүгін 7, 8 сынып интернат тәрбиеленушілері арасында Тәуелсіздік күніне орай волейболдан жарыс өтті.Оқушылар белсенділік танытып, командалық рух пен шеберліктерін көрсетті. Бүгін,Тәуелсіздік күніне арналған саптық жиын өтті. Оқушылар белсенді қатысып, Отанға деген құрметін көрсетті. Кітап оқитын ұлт” жобасы аясында мектебімізде сәрсенбі сайын өтетін 20 минуттық кітап оқу үзілісін тиімді ұйымдастыру мақсатында 6 “а” сынып оқушылары үшін“Book bingo“ ойыны өткізілді.Мақсаты — оқушылардың білімін тереңдетіп, тіл байлығын молайту, логикалық ойлауын дамыту.Мектеп кітапханасы @umckrg «Ұлттық мектеп лигасы» аясында өткен мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының 7-8 сынып оқушылары арасында волейболдан жарыста мектебіміздің қыздар командасы ІІІ орынды иеленді. Құттықтаймыз!!! 9-11 сынып оқушылары арасында лингвистика бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде мектебіміздің оқушылары Амадыкова Махаббат (Жалгасбаева Р. А.) жүлделі І орынды, Уәлихан Мағзұм (Сламбекова К.Н.) жүлделі ІІІ орынды және грамоталармен Нуржанова Дильназ (Искакова Г.С.), Қуаныш Мерей (Баульбекова А. В.) марапатталды. Құттықтаймыз!

Баланың құқығы мен міндеті

13.02 күні мектебімізде «Құқықтық навигатор» тақырыбында өтіп жатқан апталық аясында 9Б сынып оқушыларымен «Баланың құқығы мен міндеті» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында оқушылар тың мәліметтер жинастырып, өзара пікір алмасты.

Әке жолы — ізгі жол

«Әке жолы -ізгі жол»әкелер айлығы аясында10 ‘ә’ сыныбының оқушысы Рымтай Арғынның әкесі Төлеуов Аманжол Е.Бекмахановтың 15 ақпан туған күніне орай 10 ә сыныбымен дөңгелек үстел өткізді.Е.Бекмаханов туралы деректерді оқушыларға жеткізді.…

Тұтынушы құқығы туралы заңнама

Құқықтық навигатор апталығы аясында тарих пәні мұғалімі Баймухатова Бакыт Хажымуратовна 10 «ә» сыныбымен «Тұтынушы құқығы туралы заңнама»тақырыбында ашық сабақ өткізді.Сабақ барысында оқушылар тұтынушы мен сатушы құқықтары туралы мәліметтермен танысты.Жағдаяттарға талдау…

Шалабай Эльмира 3 орын иеленді!

Құттықтаймыз!!! Қарағанды қаласындағы жалпы білім беретін оқу орындарының 11-сынып оқушылары арасында өткен «Тіл білгірі» Олимпиадасында (қазақ тілі) Шалабай Эльмира ІІІ орынды иеленді. Жетекшісі: Тилеубаева К.О.

«Ұшқан ұя» повесінің желісімен сахналық қойылым қойылды

Тал бесіктен бастап үлкен өмірге қадам басқан жас ұрпақтың тәрбие-тәліміне әкелердің қосар үлесін нығайту мақсатында ұйымдастырылған «Әке жолы – ізгі жол» әкелер айлығының жоспары негізінде 8 «Ә» сынып оқушыларының қатысуымен…

Құқықтық навигатор

12-16 ақпан аралығында «Құқықтық навигатор» апталық ашылуы болды.Құқықтық навигатор апталығының мақсаты: оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, білімдерін тереңдету, өз көзқарастарын білдіруге және күнделікті құқығымен қолдануға, дұрыс таңдау жасау дағдысын қалыптастыруға ықпал…