Тал бесіктен бастап үлкен өмірге қадам басқан жас ұрпақтың тәрбие-тәліміне әкелердің қосар үлесін нығайту мақсатында ұйымдастырылған «Әке жолы – ізгі жол» әкелер айлығының жоспары негізінде 8 «Ә» сынып оқушыларының қатысуымен қазақтың даңқты жауынгері әрі жазушысы Бауыржан Момышұлының қаламы ұшынан шыққан «Ұшқан ұя» повесінің желісімен сахналық қойылым қойылды. Бауыржан Момышұлының балалық шағынан сыр шерткен бұл қойылым әр көрерменнің жүрегінен орын алды деп ойлаймыз.
Ұйымдастырушы – Марғұланқызы Ақтоты. Бауыржан Момышұлының атасы – Имаштың рөлінде Ералы Осман, Әжесі – Қызтумастың рөлінде Төлеуғазы Асылым, Әкесі – Момыштың рөлінде Абенов Ақберен, Анасы – Рәзияның рөлінде Айдос Калима, Әпкесі – Әлиманың рөлінде Нұрсейіт Ақерке, Ақсақал – Амангелді Алихан, Саудагер – Нұрқайдар Әділ, Балалар – Наз, Рабиға.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *