Мектеп жаңалықтары

Бүгін,Тәуелсіздік күніне арналған саптық жиын өтті. Оқушылар белсенді қатысып, Отанға деген құрметін көрсетті. Кітап оқитын ұлт” жобасы аясында мектебімізде сәрсенбі сайын өтетін 20 минуттық кітап оқу үзілісін тиімді ұйымдастыру мақсатында 6 “а” сынып оқушылары үшін“Book bingo“ ойыны өткізілді.Мақсаты — оқушылардың білімін тереңдетіп, тіл байлығын молайту, логикалық ойлауын дамыту.Мектеп кітапханасы @umckrg «Ұлттық мектеп лигасы» аясында өткен мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының 7-8 сынып оқушылары арасында волейболдан жарыста мектебіміздің қыздар командасы ІІІ орынды иеленді. Құттықтаймыз!!! 9-11 сынып оқушылары арасында лингвистика бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде мектебіміздің оқушылары Амадыкова Махаббат (Жалгасбаева Р. А.) жүлделі І орынды, Уәлихан Мағзұм (Сламбекова К.Н.) жүлделі ІІІ орынды және грамоталармен Нуржанова Дильназ (Искакова Г.С.), Қуаныш Мерей (Баульбекова А. В.) марапатталды. Құттықтаймыз! «Ұлттық мектеп лигасы» аясында өткен мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының 9-11 сынып оқушылары арасында волейболдан жарыста мектебіміздің ұлдар командасы І орынды, қыздар командасы ІІІ орынды иеленді. Құттықтаймыз!!!

Жасанды интеллект пайдалы ма әлде зиянды ма?

«Жасанды интеллект: Пайдалы ма әлде зиянды ма?» атты 10 сыныптар арасында дебат өткізілді. Оқушылар жасанды интеллектіден келетін қауіп-қатері мен пайдасы туралы пікірлерін білдірді. «Жасанды интеллект» өздігінен шешім қабылдаса, киберқылмыстардың көбеюіне…

Цифрлық әлем

2024 жылдың ақпан айының 5-мен 9-ы аралығында Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында «Информатика» пәніне, ақпараттық мәдениетке танымдық қызығушылықты қалыптастыру, білімді жинақтау және жүйелеу мақсатында «Цифрлық әлем» атты компьютерлік және ақпараттық сауаттылық…

Ақыл айтпа жол көрсет

Білім беру ұйымдарында ата-аналарды педагогикалық қолдау бойынша 5«а» сынып ата-аналары арасында «Ақыл айтпа жол көрсет» тақырыбында сабақ өткізілді. Мақсаты: Ата-аналардың балаларды жаңа жағдайға бейімдеу қабілеттерін дамыту.Сынып жетекшісі: Сламбекова К. Н…

«Құқық негіздері» олимпиадасының қорытындысы

ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ұйымдастыруымен өткен Қарағанды қаласы мен Қарағанды облысының 10-11 сынып оқушылары арасындағы квест-ойын түрінде жүзеге асқан «Құқық негіздері» олимпиадасында жоғары нәтиже көрсеткені үшін мектебіміздің «Ойжеткен» командасы І —…