Таза бейсенбілік — ұжымдық еңбек дәстүрі. Мектеп әкімшілігі бастаған мектеп қызметкерлері кезекті таза бейсенбілікке шықты. Тазалыққа, қоршаған ортаны қорғауға деген ұмтылыс барлық азаматтарда қалыптасуы тиіс. Мектеп ауласының таза да әдемі болуы өз қолымызда. Бүгінгі таза бейсенбілікке барлық қызметкерлер жақсы көңіл күйде қатысты. «Еңбек — бәрін де жеңбек» демекші, білім ордасының қызметкерлері бір кісідей атсалысып, аулаға тазалық жұмыстарын жүргізді.



