Мектебімізде ерекше қонақ – Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің 4-курс студенті, «Жануарлар биотехнологиясы және биоинформатика» мамандығында білім алып жатқан түлегіміз Тынысбеков Бекболатпен кездесу өтті.
Қазіргі уақытта ол – Ұлттық Биотехнология Орталығының Молекулярлы Диагностикалық Тәсілдерді Әзірлеуге Арналған Зертханасында еңбек етіп жүр. Өзінің қызықты да жауапты жұмысымен, ғылым жолындағы талпынысымен, студенттік өмірінің қыр-сырымен бөлісті.
Оқушылар үшін бұл кездесу шабыт берерлік болды. Ғылымға деген қызығушылықты оятатын, болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға жол ашатын мазмұнды әрі мотивациялық сұхбаттар өрбіді.
Түлекке сәттілік тілейміз! Әрдайым биіктен көріне бер!