Мектеп жаңалықтары

Бүгін,Тәуелсіздік күніне арналған саптық жиын өтті. Оқушылар белсенді қатысып, Отанға деген құрметін көрсетті. Кітап оқитын ұлт” жобасы аясында мектебімізде сәрсенбі сайын өтетін 20 минуттық кітап оқу үзілісін тиімді ұйымдастыру мақсатында 6 “а” сынып оқушылары үшін“Book bingo“ ойыны өткізілді.Мақсаты — оқушылардың білімін тереңдетіп, тіл байлығын молайту, логикалық ойлауын дамыту.Мектеп кітапханасы @umckrg «Ұлттық мектеп лигасы» аясында өткен мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының 7-8 сынып оқушылары арасында волейболдан жарыста мектебіміздің қыздар командасы ІІІ орынды иеленді. Құттықтаймыз!!! 9-11 сынып оқушылары арасында лингвистика бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде мектебіміздің оқушылары Амадыкова Махаббат (Жалгасбаева Р. А.) жүлделі І орынды, Уәлихан Мағзұм (Сламбекова К.Н.) жүлделі ІІІ орынды және грамоталармен Нуржанова Дильназ (Искакова Г.С.), Қуаныш Мерей (Баульбекова А. В.) марапатталды. Құттықтаймыз! «Ұлттық мектеп лигасы» аясында өткен мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының 9-11 сынып оқушылары арасында волейболдан жарыста мектебіміздің ұлдар командасы І орынды, қыздар командасы ІІІ орынды иеленді. Құттықтаймыз!!!

Мектеп кітапханасында 5-сынып оқушылары мен “Кітап-сарқылмас әлем” деген тақырыпта “Readx” жобасы өткізілді . Жауаптылар: Кітапханашы Балпыкова Ж.ЖТәрбиешілер: Құсайын.Т.Д, Итжанова Н.А, Жамауова.Ж.О

Айтыс өнері

Жамбыл атындағы ММЛИ 5 сынып оқушыларын мектебіміздің мұражайымен таныстыру мақсатында, 01.10.24ж.музыка пәні мұғалімі Мұздыбаев М. 5 «а» сыныбы оқушыларымен мұражайда » Айтыс өнері» тақырыбында Жамбыл Жабаевтың өмірбаяны мен оның айтыс…

Дублер күні

3.10.2024 күні Жамбыл атындағы ММЛИ 11-сынып оқушылары “Дублер күнін”өткізді.Мақсаты: оқушылар мен педагогтердің бірлескен қызметін ұйымдастыру арқылы білім алушылардың әлеуметтік құзыреті тұлғасын дамыту үшін жағдай жасау.

Қамқор

“Қамқор” жобасы аясында 7-сынып интернат тәрбиеленушілері бос уақыттарын тиімді пайдалануда. Бос уақытты тиімді пайдалану ұйымшылдыққа, мейірімділікке, сыйластыққа, қамқорлыққа үйретеді. Бірін – бірі шеттетпейді. Ортаға үйренеді. #Біртұтас_тәрбие

Қазақтың «қариясы бар үйдің қазынасы бар» деген сөзі тегін айтылмаған. Қариясы бар шаңырақтың ырысы артық, несібесі мол, қарт кісілердің отырған үйінде береке-бірлік болады. Үлкен кісілері бар үйде жас балалар зерек,…