Қазақтың «қариясы бар үйдің қазынасы бар» деген сөзі тегін айтылмаған. Қариясы бар шаңырақтың ырысы артық, несібесі мол, қарт кісілердің отырған үйінде береке-бірлік болады. Үлкен кісілері бар үйде жас балалар зерек, ақыл-кеңеске қанық өседі. Қарттарын құрмет тұтып, ақсақалдарын ардақтай білген елдің баласы өткенді бағалауға, бүгінін саралауға құмар болады. Асыл қазыналарымыз аман болсын!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *