Мектеп жаңалықтары

Бүгін 7, 8 сынып интернат тәрбиеленушілері арасында Тәуелсіздік күніне орай волейболдан жарыс өтті.Оқушылар белсенділік танытып, командалық рух пен шеберліктерін көрсетті. Бүгін,Тәуелсіздік күніне арналған саптық жиын өтті. Оқушылар белсенді қатысып, Отанға деген құрметін көрсетті. Кітап оқитын ұлт” жобасы аясында мектебімізде сәрсенбі сайын өтетін 20 минуттық кітап оқу үзілісін тиімді ұйымдастыру мақсатында 6 “а” сынып оқушылары үшін“Book bingo“ ойыны өткізілді.Мақсаты — оқушылардың білімін тереңдетіп, тіл байлығын молайту, логикалық ойлауын дамыту.Мектеп кітапханасы @umckrg «Ұлттық мектеп лигасы» аясында өткен мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының 7-8 сынып оқушылары арасында волейболдан жарыста мектебіміздің қыздар командасы ІІІ орынды иеленді. Құттықтаймыз!!! 9-11 сынып оқушылары арасында лингвистика бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде мектебіміздің оқушылары Амадыкова Махаббат (Жалгасбаева Р. А.) жүлделі І орынды, Уәлихан Мағзұм (Сламбекова К.Н.) жүлделі ІІІ орынды және грамоталармен Нуржанова Дильназ (Искакова Г.С.), Қуаныш Мерей (Баульбекова А. В.) марапатталды. Құттықтаймыз!

Өнегелі 15 минут

2024 жылғы 10 қазанда 5 сынып интернат тәрбиеленушілерінің қыз балаларымен Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Өнегелі 15 минут» әңгімелесу кеші өтті. Әңгіме барысында Сафинаның әжесі қыз баланың мінез-құлқы, жүріс-тұрысы, еңбекқорлық, инабаттылық…

Мектебімізде оқушыларды өздерінің отбасы туралы жан-жақты білуге және балаға отбасының рөлі жайлы түсіндіріп, отбасын сүюге, құрметтеуге баулу мақсатында «Отбасы — өмірдің мәні» тақырыбында мектеп психологы Кузеуова К.К. ұйымдастырумен 9 сыныптар…

Мектеп кітапханасында 5 сынып интернат оқушыларымен “Кітап-білім бұлағы “ деген тақырыпта “Book bingo “ жобасы өткізілді . Жауаптылар: Кітапханашы Б.Ж Тәрбиешілер : Құсайын.Т.Д, Итжанова Н.А, Жамауова Ж. О

7-сынып интернат тәрбиеленушілері кинотеатрға барып “Мама, я живая” фильмін тамашалап қайтты. Балалар әр түрлі өмірлік жағдайларға тап болған кейіпкерлерге шын жүректен жанашырлық танытты. Интернатқа оралғаннан кейін балалар кинотеатрдағы алған әсерлерімен…

Мектебімізде жаратылыстану, математика пән мұғалімдерімен Қарағанды облысы оқу-әдістемелік орталығының маманы , эксперттік кеңес мүшесі Контаев Сабит Сейітовичпен 09.10.2024 күні кездесу өтті

Мектепшілік «Жыл мұғалімі — 2024» байқауына қатысушы Тұрсынбаев Қинаят 08.10.2024 күні 7 а сыныбында «Бастыққа келу және кету» тақырыбында ашық сабақ өткізді

Мектепшілік «Жыл мұғалімі — 2024» байқауына қатысушы Баданов Нұрсұлтан 08.10.2024 күні 7 а сыныбында «Жасуша — ағза құрылысының негізгі бөлшегі. Өсімдік және жануар жасушаларының құрылысы» тақырыбында ашық сабақ өткізді

Мектепшілік «Жыл мұғалімі — 2024» байқауына қатысушы Нұрмашқызы Нәзерке 08.10.2024 күні 9 а сыныбында «Асқорыту үдерісі және ферменттердің рөлі» тақырыбында ашық сабақ өткізді.