Мектеп жаңалықтары

Бүгін 7, 8 сынып интернат тәрбиеленушілері арасында Тәуелсіздік күніне орай волейболдан жарыс өтті.Оқушылар белсенділік танытып, командалық рух пен шеберліктерін көрсетті. Бүгін,Тәуелсіздік күніне арналған саптық жиын өтті. Оқушылар белсенді қатысып, Отанға деген құрметін көрсетті. Кітап оқитын ұлт” жобасы аясында мектебімізде сәрсенбі сайын өтетін 20 минуттық кітап оқу үзілісін тиімді ұйымдастыру мақсатында 6 “а” сынып оқушылары үшін“Book bingo“ ойыны өткізілді.Мақсаты — оқушылардың білімін тереңдетіп, тіл байлығын молайту, логикалық ойлауын дамыту.Мектеп кітапханасы @umckrg «Ұлттық мектеп лигасы» аясында өткен мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының 7-8 сынып оқушылары арасында волейболдан жарыста мектебіміздің қыздар командасы ІІІ орынды иеленді. Құттықтаймыз!!! 9-11 сынып оқушылары арасында лингвистика бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде мектебіміздің оқушылары Амадыкова Махаббат (Жалгасбаева Р. А.) жүлделі І орынды, Уәлихан Мағзұм (Сламбекова К.Н.) жүлделі ІІІ орынды және грамоталармен Нуржанова Дильназ (Искакова Г.С.), Қуаныш Мерей (Баульбекова А. В.) марапатталды. Құттықтаймыз!

Таза бейсенбілік — ұжымдық еңбек дәстүрі. Мектеп әкімшілігі бастаған мектеп қызметкерлері кезекті таза бейсенбілікке шықты. Тазалыққа, қоршаған ортаны қорғауға деген ұмтылыс барлық азаматтарда қалыптасуы тиіс. Мектеп ауласының таза да әдемі…

«Ғылым және технология» жаратылыстану-ғылыми сауаттылық апталығы аясында химия пәнінен қызықты тәжірбие көрсетілді. Белсенді қатысқан оқушылар мен ұстаздарға алғыс айтамыз

Мақсаты-білім мен ойға деген қызығушылықты дамыту, планетаның болашағы үшін жауапкершілік сезімін қалыптастыру арқылы және тұлғаны тәрбиелеу.«Біл. Епті бол. Әрекет ет» тәжирибиеге бағытталған міндеттерді шешу.

«Ғылым және технология»жаратылыстану-ғылыми сауаттылық апталығы аясында 10 сыныптар арасында география пәнінен “Білгірлер” зияткерлік сайысы өтті! Мақсаты — оқушылардың пәндік дағдыларын, шығармашылық әлеуетін дамыту

Бүгін интернатта тазалық күні өтті.Бұл шараға барлық интернат тәрбиеленушілері белсенді қатысып,аула тазалығына өз үлестерін қосты.Осындай шаралар балаларды тәртіпке, тазалыққа және табиғатқа деген қамқорлыққа тәрбиелейді.

» Ғылым және технология» жаратылыстану -ғылыми сауаттылықапталық аясында «Физикалық калейдоскоп» квестойыны 7 сыныптар арасында ұйымдастырылды. Ойынның мақсаты: физикалық білімді бекіту, яғниоқушылардың түрлі тараулар бойынша алған білімдерін шығармашылық тапсырмалар арқылы қайталау…

Жамбыл атындағы МММЛИ оқушылардың арасында Е.А.Бөкетов 100 жылдығына арналған химия пәндік олимпиадасы өткізілді. Мақсаты: оқушылардың ой-өрісін кеңейту, тәжірибесін арттыру, логикалық және аналитикалық ойлау қабілеттерін дамыту

«Ғылым және технология» жаратылыстану — ғылыми сауаттылығы апталығы аясында 8-9 сынып оқушыларымен » Жұмысшы мамандықтар жылы» атты сыныптан тыс іс- шара өтті. Мақсаты оқушыларды мамандыққа баулу, болашақ мамандықтарын таңдау мотивтері…

“Ғылым және технология” жаратылыстану — ғылыми сауаттылық апталық аясында биология пәнінен үзіліс арасында қызықты ойындар мен көңілді тапсырмалар өтті.

Флора және фауна тәжірибелерінің шарасының мақсаты — табиғи орта компоненттерін, өсімдіктер мен жануарлар әлемін зерттеу, олардың өзара байланысын түсіну, экожүйелердің жұмыс істеу принциптерін анықтау, және биологиялық алуантүрлілікті сақтауға үлес қосу.…