2025 жылдың 10 сәуірінде Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-лицей интернатының 8-9 медициналық сынып оқушылары «Медицинаға қадам»жобасы аясында Қарағанды медициналық университетінің фармация мектебіне барды. Оқушыларды фармация мектебінің ассистент профессоры Аширбекова Бибигуль Бөкеновна жылы қарсы алып, әр лабораториялық бөлмелерге экскурсия жасап және бірқатар зертханалық жұмыстар жүргізді.Экскурсия барысында оқушыларға фармацевтика факультетінің зертханасымен танысуға бірегей мүмкіндік берілді, онда олар әртүрлі дәрілік формаларды әзірлеу процесі туралы білді. Болашақ дәрігерлер мамандардың жұмысын қызығушылықпен бақылап, фармацевтика саласындағы заманауи әдістер мен технологиялар туралы түсінік алды.Экскурсияның ең қызықты сәттерінің бірі практикалық сабақтар болды, онда оқушылар бірнеше зертханалық жұмыстарды оқытушылардың нұсқауымен өз бетінше орындай алды. Олар қорғасын нитраты мен калий йодидімен, сондай-ақ күміс нитраты мен натрий хлоридімен тәжірибе жасау арқылы тұнбалардың пайда болуын зерттеді. Бұл эксперименттер балаларға химиялық реакциялар мен олардың нәтижелерін көрнекі түрде көруге мүмкіндік берді.Сонымен қатар, фармация мектебінің оқытушысы Абдикалик Ақмарал Бекбосыновна дихромат аммониды қыздыруда хромның валенттілігі ауысуымен олардың түсі де өзгеретінін тұжырымдады, оқушылар мұндағы элементтерінің химиялық қасиеттерін қызығушылықпен зерттеді және де әртүрлі реагенттердің бейтарап ортасын және сілтілі ортаны анықтауды үйренді. Олар сондай-ақ фенолфталеин және метилорондж (натрийдің бензолсульфонаты) сияқты индикаторларды қолдана отырып, ең күшті қышқылдың сутегі көрсеткішін анықтау бойынша эксперименттер жүргізді.Мұндай іс-шаралар мектеп оқушыларының медицина саласындағы білімге және болашақ мамандықты таңдауға деген ұмтылысын қалыптастыруға ықпал ететініне сенімдіміз. Қарағанды медицина университетінің фармация мектебінің жылы қабылдауына және қызықты экскурсиясы үшін алғыс айтамыз!Іс шараны жүргізген: Айткенова А.А., Нұрмашқызы Н.