Білім алушыларды көркем еңбекке, музыка әлеміне деген қызығушылықтарын арттыру және қолөнер арқылы функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыра отырып құндылықтарды бойына дарыту мақсатында «Әсемдік әлемі» апталығы ұйымдастырылды. Осы апталық аясында 05 желтоқсан күні «Бөрі мінез бабалардың арманы…» тақырыбында «Құмдауыт» жыр жинағының авторы Жәлел Қуандықұлы, Мәди Ахмет Қожа мектеп ұстаздары мен оқушыларымен жүздесіп, сүбелі сұхбат өткізді. Кездесуге келгендер оқушыларға ой салып, шабыт берді. Ұйымдастырушы: Муздыбаев Максат Толеутаевич
