Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес «Медицинаға қадам» облыстық жобасын жүзеге асыру аясында Қарағанды медицина университетінің ассистент-профессоры Айткенова Айлаззат Айткеновна мен химия пәні мұғалімі Хасенова Сауле Токеновнаның ұйымдастыруымен Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты оқушылары медицина университетінің симуляциялық орталығына саяхат жасады. Оқушыларды симуляциялық орталығының тренері Нурекешова Роза Жайбергеновна қарсы алып, орталықтың жұмысымен таныстырды. Оқушылар жедел жәрдем жұмысымен, сенсорлық диагностика аппаратымен зерттулер жүргізіп диагноз қойып, муляждарға инъекция салып көрді. Біздің оқушылар медицина мамандығының жауапкершілікті қажет ететіндігін көріп түсінді, және қызығушылықтарын тудырды.



