2024 жылдың қаңтар айының 15 күні оқушылардың функционалдық сауаттылықтарын қалыптастыру негізінде гуманитарлық пәндердің мүмкіндіктерін анықтай отырып, оқушылардың танымдық қызығушылығын, жеке, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында «ХХІ ғасыр – сауатты ұрпақ ғасыры» тақырыбында Оқу сауаттылығы апталығына байланысты «Үш бәйтерек – үш алып» атты апталықтың ашылуы салтанатты түрде өткізілді. Жиында мектеп оқушылары қазақтың үш бәйтерегі атанған Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин және Ілияс Жансүгіровтің 130 жылдығына орай туындыларын нақышына келтіре отырып, мәнерлеп жатқа оқыды және ақындардың ізбасарлары да арнау өлеңдерін оқыды.





