Мектеп жаңалықтары

Бүгін 7, 8 сынып интернат тәрбиеленушілері арасында Тәуелсіздік күніне орай волейболдан жарыс өтті.Оқушылар белсенділік танытып, командалық рух пен шеберліктерін көрсетті. Бүгін,Тәуелсіздік күніне арналған саптық жиын өтті. Оқушылар белсенді қатысып, Отанға деген құрметін көрсетті. Кітап оқитын ұлт” жобасы аясында мектебімізде сәрсенбі сайын өтетін 20 минуттық кітап оқу үзілісін тиімді ұйымдастыру мақсатында 6 “а” сынып оқушылары үшін“Book bingo“ ойыны өткізілді.Мақсаты — оқушылардың білімін тереңдетіп, тіл байлығын молайту, логикалық ойлауын дамыту.Мектеп кітапханасы @umckrg «Ұлттық мектеп лигасы» аясында өткен мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының 7-8 сынып оқушылары арасында волейболдан жарыста мектебіміздің қыздар командасы ІІІ орынды иеленді. Құттықтаймыз!!! 9-11 сынып оқушылары арасында лингвистика бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде мектебіміздің оқушылары Амадыкова Махаббат (Жалгасбаева Р. А.) жүлделі І орынды, Уәлихан Мағзұм (Сламбекова К.Н.) жүлделі ІІІ орынды және грамоталармен Нуржанова Дильназ (Искакова Г.С.), Қуаныш Мерей (Баульбекова А. В.) марапатталды. Құттықтаймыз!

» Наурыз» мерекеміздің қарсаңында мектеп мұражайындағы ұлтымыздың қыз- келіншектерінің әшекей бұйымдары, бас киімдері оқушыларға таныстырылып, оларды қолдану мақсаттары және салт — дәстүріміз жайлы тәрбиелік мағлұматтар айтылды. Мұражай жетекшісі Қонқабаева Г.Т.

13.03.2024ж. күні мектебімізде 9 сыныптарды ББЖМ-ға дайындау үшін білімалушылардың білім сапасын бағалау мақсатында 5+ орталығымен бірлесе отырып тест алынды. Барлығы 66 оқушы қатысып, білімдерін сынады

Симуляциялық орталыққа саяхат

Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес «Медицинаға қадам» облыстық жобасын жүзеге асыру аясында Қарағанды медицина университетінің ассистент-профессоры Айткенова Айлаззат Айткеновна мен химия пәні мұғалімі Хасенова Сауле Токеновнаның…

06.03.2024ж. күні мектебімізде 9 сыныптарды ББЖМ-ға дайындау үшін білімалушылардың білім сапасын бағалау мақсатында Edutest орталығымен бірлесе отырып онлайн тест алынды. Барлығы 66 оқушы қатысып, білімдерін сынады

«Туған соқпақтар» виртуалды экскурсиялар байқауы өтті

Жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарындағы білім алушылар арасында қашықтықта өткізілген XIII облыстық “Туған соқпақтар” виртуалды экскурсиялар байқауына мектебіміздің оқушылары қатысып, жүлделі III орындарды иеленді.Төлеутаева Саяжан, жетекшісі Жалгасбаева Рита…

Құттықтаймыз!

Сүйінші!!! Құттықтаймыз!!! Республикалық 5-6 сынып оқушылары арасында пәндік олимпиаданың облыстық кезеңінде мектебіміздің оқушылары жүлделі орындарды иеленді.І орын 🥇Асаубай Алдияр 6 сынып, жаратылыстану пәнінен (Жаканова Г.Т.)ІІ — орын 🥈Марғұланқызы Әмина 6…

Облыстық олимпиададан Нұржанова Дана ІІ орын иеленді

Қазақ тілі мен әдебиетінен Ләззат Бәйішқызы атындағы облыстық олимпиадада мектебіміздің 11 сынып оқушысы Нұржанова Дана ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Жетекшісі: Тилеубаева Камшат Олжасовна.