Мектеп жаңалықтары

«Ұлттық мектеп лигасы» аясында өткен мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының 7-8 сынып оқушылары арасында волейболдан жарыста мектебіміздің қыздар командасы ІІІ орынды иеленді. Құттықтаймыз!!! 9-11 сынып оқушылары арасында лингвистика бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде мектебіміздің оқушылары Амадыкова Махаббат (Жалгасбаева Р. А.) жүлделі І орынды, Уәлихан Мағзұм (Сламбекова К.Н.) жүлделі ІІІ орынды және грамоталармен Нуржанова Дильназ (Искакова Г.С.), Қуаныш Мерей (Баульбекова А. В.) марапатталды. Құттықтаймыз! «Ұлттық мектеп лигасы» аясында өткен мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының 9-11 сынып оқушылары арасында волейболдан жарыста мектебіміздің ұлдар командасы І орынды, қыздар командасы ІІІ орынды иеленді. Құттықтаймыз!!! «Ұлттық мектеп лигасы» аясында өткен мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының 7-8 сынып оқушылары арасында волейболдан жарыста мектебіміздің қыздар командасы ІІІ орынды иеленді. Құттықтаймыз!!! Облыстық «Әуезов әлемі» READx жобасына қатысып мектебіміздің оқушылары жүлделі ІІ орынды Өмірғалықызы Алтын (Какимова С.Ш.), жүлделі ІІІ орынды Қайыргельдина Наз және «Сөз майталманы-үздік спикер» номинациясымен Бақытбек Гауһар (Тилеубаева К. О.) марапатталды. Құттықтаймыз!!!

Математикалық сауаттылық апталығының «Математика дамуындағы Қазақстан ғалымдары» іскерлік ойыны 7 сыныптар арасында өттіПән мұғалімдері:Мухамеджанова М.АМуханмединова К.Т

Қаңтар айының 30-ы күні Жамбыл атындағы ММЛИ-да «Қауіпсіз мектеп — қауіпсіз орта» тақырыбында жалпы мектепішілік ата-аналардың ашық есік күні өтті. Ашық есік күнінде күн тәртібінде қарастырылған мәселелер бойынша «Қауіпсіз мектеп…

Математикалық сауаттылық апталығының соңғы күнінде 8 сынып алгебра пәнінен “Квадраттық функция” тақырыбында ашық сабақ өтті.Пән мұғалімі:Кенжебеков Д.Д.

Бүгінгі өткен «Дүниежүзі тарихы» пәнінен облыстық олимпиадада мектебіміздің оқушылары Токашева Дамира, Жұмабай Алмат, Төлеу Ерасыл, Зарубек Аңсаған, Асильбекова Мадина үздік ОНДЫҚҚА еніп, грамоталармен марапатталды. Жетекшілері Табынбекова М.А., Баймухатова Б.Х. Құттықтаймыз!!!💐✊🏻

31 қаңтар күні математика пәні мұғалімі Майкопова Т.А. 8 Ә сыныбымен “Төртбұрыштар мен үшбұрыштардың аудандары.Үшбұрыштардың ауданы” атты ашық сабақ өтті

Математикалық сауаттылық апталығы аясында 31 қаңтар күні математика пәні мұғалімі Бекбулатова Г.І. 10 Ә сыныбымен “Квадрат теңдеу түріне келтірілетін жоғары дәрежелі теңдеулер ” атты ашық сабақ өтті

“Математика айналамызда” атты апталығымызда 30 қаңтар күні математика пәні мұғалімі Рыспаева Д.Е 6 Ә сыныбымен “Сан аралығы” атты ашық сабақ өтті

28-30 ақпан аралығында Ақмола облысы Щучье қаласы «Балдаурен» сауықтыру орталығында өткен республикалық «зерде» конкурсының қорытындысы бойынша мектебіміздің оқушысы Шауһар Жұлдыз ІІІ орынды иеленді. Жетекшісі Мұхамеджанова М.А. Құттықтаймыз!!!