Қаңтар айының 30-ы күні Жамбыл атындағы ММЛИ-да «Қауіпсіз мектеп — қауіпсіз орта» тақырыбында жалпы мектепішілік ата-аналардың ашық есік күні өтті. Ашық есік күнінде күн тәртібінде қарастырылған мәселелер бойынша «Қауіпсіз мектеп — қауіпсіз орта» тақырыбында полиция аға лейтенанты Исаков Ж.Е., Тербаева С.С. балалардың қауіпсіздігі мәселелері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мектеп директоры Букенов Б.Қ. Баланың қауіпсіздігі — басты талап екенін айта келе, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сақтық шараларын айта отырып, мәселелерді айқындап, алдын алу жолдарын ұсынды. Сонымен қатар, балаға тәрбие беруде төзімділік, сенім, сүйіспеншілік және дұрыс тәрбие берудің маңызы зор екені атап айта келе, мектеп директоры ата-аналардың алдында есеп берді. Балаға білім мен тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса, оны жалғастыратын демеушісі — ата-ана, сол бағытта ата-аналар жиналыс барысында пән мұғалімдерімен кездесіп, балаларының білім мен тәрбиесіне байланысты сұрақтар қойып, тиісті жауаптар алды, алдағы уақытта да осындай жиналыстар көбірек өткізілсе деген ұсыныстарын айтып, алғыстарын білдірді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *