Мектеп жаңалықтары

Кітап оқитын ұлт” жобасы аясында мектебімізде сәрсенбі сайын өтетін 20 минуттық кітап оқу үзілісін тиімді ұйымдастыру мақсатында 6 “а” сынып оқушылары үшін“Book bingo“ ойыны өткізілді.Мақсаты — оқушылардың білімін тереңдетіп, тіл байлығын молайту, логикалық ойлауын дамыту.Мектеп кітапханасы @umckrg «Ұлттық мектеп лигасы» аясында өткен мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының 7-8 сынып оқушылары арасында волейболдан жарыста мектебіміздің қыздар командасы ІІІ орынды иеленді. Құттықтаймыз!!! 9-11 сынып оқушылары арасында лингвистика бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде мектебіміздің оқушылары Амадыкова Махаббат (Жалгасбаева Р. А.) жүлделі І орынды, Уәлихан Мағзұм (Сламбекова К.Н.) жүлделі ІІІ орынды және грамоталармен Нуржанова Дильназ (Искакова Г.С.), Қуаныш Мерей (Баульбекова А. В.) марапатталды. Құттықтаймыз! «Ұлттық мектеп лигасы» аясында өткен мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының 9-11 сынып оқушылары арасында волейболдан жарыста мектебіміздің ұлдар командасы І орынды, қыздар командасы ІІІ орынды иеленді. Құттықтаймыз!!! Облыстық «Әуезов әлемі» READx жобасына қатысып мектебіміздің оқушылары жүлделі ІІ орынды Өмірғалықызы Алтын (Какимова С.Ш.), жүлделі ІІІ орынды Қайыргельдина Наз және «Сөз майталманы-үздік спикер» номинациясымен Бақытбек Гауһар (Тилеубаева К. О.) марапатталды. Құттықтаймыз!!!

7 ақпан күні тарих пәні мұғалімі Баймухатова Б.Х «Құқықтық навигатор» апталығы аясында 9 «Б» сыныбымен «Егер де мен мектеп директоры болсам» тақырыбында эсселер байқауын өткізді. Оқушылар өз ойларын ашық жазып,…

7 ақпан күні тарих пәні мұғалімі Табынбекова М.А «Құқықтық навигатор» апталығы аясында«Құқықтық вернисаж» плакаттар конкурсын өткізді. Бұл конкурста 9 сынып оқушылары бала құқығына байланысты «Зорлық -зомбылықсыз отбасы», «Балалардың құқығы мен…

«Құқықтық навигатор» апталығында 6 қаңтар күні тарих пәні мұғалімі Баймухатова Б.Х 9 «Б» сыныбында «Бала құқығы қалай қорғалады?» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

5 ақпан күні тарих пәні мұғалімі Табынбекова М.А «Құқықтық навигатор» апталығы аясында 9 сынып оқушыларымен «Отбасы құқығы мен міндеттері» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

Бүгін құқықтық навигатор апталығы аясында 9 сыныптар арасында «Ұшқыр ой алаңы» дебат үйірмесінің ұйымдастыруымен пікірсайыс болып өтті. Пікірсайыс тақырыбы: БП оқушыларға мектепте ұялы телефон ұстауға тыйым салады. Оқушылар белсене қатысты.