Мектеп жаңалықтары

Кітап оқитын ұлт” жобасы аясында мектебімізде сәрсенбі сайын өтетін 20 минуттық кітап оқу үзілісін тиімді ұйымдастыру мақсатында 6 “а” сынып оқушылары үшін“Book bingo“ ойыны өткізілді.Мақсаты — оқушылардың білімін тереңдетіп, тіл байлығын молайту, логикалық ойлауын дамыту.Мектеп кітапханасы @umckrg «Ұлттық мектеп лигасы» аясында өткен мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының 7-8 сынып оқушылары арасында волейболдан жарыста мектебіміздің қыздар командасы ІІІ орынды иеленді. Құттықтаймыз!!! 9-11 сынып оқушылары арасында лингвистика бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде мектебіміздің оқушылары Амадыкова Махаббат (Жалгасбаева Р. А.) жүлделі І орынды, Уәлихан Мағзұм (Сламбекова К.Н.) жүлделі ІІІ орынды және грамоталармен Нуржанова Дильназ (Искакова Г.С.), Қуаныш Мерей (Баульбекова А. В.) марапатталды. Құттықтаймыз! «Ұлттық мектеп лигасы» аясында өткен мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының 9-11 сынып оқушылары арасында волейболдан жарыста мектебіміздің ұлдар командасы І орынды, қыздар командасы ІІІ орынды иеленді. Құттықтаймыз!!! Облыстық «Әуезов әлемі» READx жобасына қатысып мектебіміздің оқушылары жүлделі ІІ орынды Өмірғалықызы Алтын (Какимова С.Ш.), жүлделі ІІІ орынды Қайыргельдина Наз және «Сөз майталманы-үздік спикер» номинациясымен Бақытбек Гауһар (Тилеубаева К. О.) марапатталды. Құттықтаймыз!!!

Құрметті ата-аналар және оқушылар, сіздерді“МЕЙІРІМДІ ҚАҚПАҚТАР» жобасы аясындағы акцияға қатысуға шақырамыз.(27.01-10.02.2025)Қалдық заттарға екінші өмір сыйла! Ұйымдастырушылар:Экоклуб мүшелері@ecoclub_zhambyl

Математикалық сауаттылық апталығы аясында “Математика патшалығына саяхат”, “ Болашақ бизнестегі Математика” тақырыптарында сынып сағаты өткізілді

Қаңтардың 27 күні саптық жиында математика мәдиетін қалыптастыру, математикалық сауаттылықты дамыту аясында “Математика айналамызда” математикалық сауаттылық апталығының ашылу рәсімі өтті

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналғанЛәззат Бәйішқызы атындағы«Үздік идеялар» педагогикалық байқауында мектебіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Какимова Светлана Шамельевна жүлделі 3- орынды иеленді. Құттықтаймыз!!!

Оқу сауаттылығы апталығының жоспарына сәйкес, Мұхтар Мағауиннің 85 жылдығына орай 6-сынып оқушыларынан «Бір атаның балалары» әңгімесі бойынша бестік диктант, 10-сынып оқушыларынан Мұхтар Мағауиннің шығармашылығы бойынша диктант алынды. 9-сынып оқушылары «Тілімнен…

«Еңбегі адал жас өрен » жобасы бойынша 5 сынып интернат тәрбиеленушілерінің бос уақытты ұйымдастыру — шығармашылық қабілетін арттыру жолы.Бос уақытта шахмат, тоғызқұмалақ бес тас ойнап, кітапханада кітап оқиды.

“Оқуға құштар мектеп” жобасы бойынша , “Сыныппен біргеоқимыз!“ деген акция аясында , оқушының кітапханадағы бір күніЖауапты: мектеп кітапханасы

“Еңбек — жай ғана қызмет емес,адам болмысының айнасы” (Абай) “Еңбегі адал жас өрен” жобасы бойынша Еңбек түбі береке деп 8-сынып интернат тәрбиеленушілерімен ауланың қарын тазалауға шыққанынан бір сәттік көрінісЖауапты: 8-сынып…