Мектеп жаңалықтары

Бүгін 7, 8 сынып интернат тәрбиеленушілері арасында Тәуелсіздік күніне орай волейболдан жарыс өтті.Оқушылар белсенділік танытып, командалық рух пен шеберліктерін көрсетті. Бүгін,Тәуелсіздік күніне арналған саптық жиын өтті. Оқушылар белсенді қатысып, Отанға деген құрметін көрсетті. Кітап оқитын ұлт” жобасы аясында мектебімізде сәрсенбі сайын өтетін 20 минуттық кітап оқу үзілісін тиімді ұйымдастыру мақсатында 6 “а” сынып оқушылары үшін“Book bingo“ ойыны өткізілді.Мақсаты — оқушылардың білімін тереңдетіп, тіл байлығын молайту, логикалық ойлауын дамыту.Мектеп кітапханасы @umckrg «Ұлттық мектеп лигасы» аясында өткен мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының 7-8 сынып оқушылары арасында волейболдан жарыста мектебіміздің қыздар командасы ІІІ орынды иеленді. Құттықтаймыз!!! 9-11 сынып оқушылары арасында лингвистика бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде мектебіміздің оқушылары Амадыкова Махаббат (Жалгасбаева Р. А.) жүлделі І орынды, Уәлихан Мағзұм (Сламбекова К.Н.) жүлделі ІІІ орынды және грамоталармен Нуржанова Дильназ (Искакова Г.С.), Қуаныш Мерей (Баульбекова А. В.) марапатталды. Құттықтаймыз!

Құрметті ұстаздар мен оқушылар!2025 жылдың ақпан айының 10-мен 14-і аралығында Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында «Цифрлық әлем» атты ақпараттық және компьютерлік сауаттылықты дамыту апталығы өткізіледі.Бүгін біз «Цифрлық әлем» атты ақпараттық және…

Сүйінші! 6-8 ақпан аралығында«Ұлттық мектеп лигасы» аясында мамандандырылғанмектеп-лицей-интернаттарының 9-11 сынып оқушылары арасында волейболдан өткен жарыста мектебіміздің ұлдар командасы І орынды, қыздар командасы ІІ орынды иеленді. Жетекшілері Аменов Ж.А.

7 ақпан күні тарих пәні мұғалімі Баймухатова Б.Х «Құқықтық навигатор» апталығы аясында 9 «Б» сыныбымен «Егер де мен мектеп директоры болсам» тақырыбында эсселер байқауын өткізді. Оқушылар өз ойларын ашық жазып,…

7 ақпан күні тарих пәні мұғалімі Табынбекова М.А «Құқықтық навигатор» апталығы аясында«Құқықтық вернисаж» плакаттар конкурсын өткізді. Бұл конкурста 9 сынып оқушылары бала құқығына байланысты «Зорлық -зомбылықсыз отбасы», «Балалардың құқығы мен…

«Құқықтық навигатор» апталығында 6 қаңтар күні тарих пәні мұғалімі Баймухатова Б.Х 9 «Б» сыныбында «Бала құқығы қалай қорғалады?» тақырыбында ашық сабақ өткізді.

5 ақпан күні тарих пәні мұғалімі Табынбекова М.А «Құқықтық навигатор» апталығы аясында 9 сынып оқушыларымен «Отбасы құқығы мен міндеттері» тақырыбында ашық сабақ өткізді.