Мектеп жаңалықтары

Кітап оқитын ұлт” жобасы аясында мектебімізде сәрсенбі сайын өтетін 20 минуттық кітап оқу үзілісін тиімді ұйымдастыру мақсатында 6 “а” сынып оқушылары үшін“Book bingo“ ойыны өткізілді.Мақсаты — оқушылардың білімін тереңдетіп, тіл байлығын молайту, логикалық ойлауын дамыту.Мектеп кітапханасы @umckrg «Ұлттық мектеп лигасы» аясында өткен мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының 7-8 сынып оқушылары арасында волейболдан жарыста мектебіміздің қыздар командасы ІІІ орынды иеленді. Құттықтаймыз!!! 9-11 сынып оқушылары арасында лингвистика бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінде мектебіміздің оқушылары Амадыкова Махаббат (Жалгасбаева Р. А.) жүлделі І орынды, Уәлихан Мағзұм (Сламбекова К.Н.) жүлделі ІІІ орынды және грамоталармен Нуржанова Дильназ (Искакова Г.С.), Қуаныш Мерей (Баульбекова А. В.) марапатталды. Құттықтаймыз! «Ұлттық мектеп лигасы» аясында өткен мамандандырылған мектеп-лицей-интернаттарының 9-11 сынып оқушылары арасында волейболдан жарыста мектебіміздің ұлдар командасы І орынды, қыздар командасы ІІІ орынды иеленді. Құттықтаймыз!!! Облыстық «Әуезов әлемі» READx жобасына қатысып мектебіміздің оқушылары жүлделі ІІ орынды Өмірғалықызы Алтын (Какимова С.Ш.), жүлделі ІІІ орынды Қайыргельдина Наз және «Сөз майталманы-үздік спикер» номинациясымен Бақытбек Гауһар (Тилеубаева К. О.) марапатталды. Құттықтаймыз!!!

Қауіпсіздік сабағы

Біртұтас тәрбие бағдарламасы, Қазақстан тәуелсіздік және отаншылдық айы аясында 6«А» сынып оқушыларымен қауіпсіздік сабағы өтті. Тақырыбы: Сіздің жеке деректеріңіз және оларды қалай қорғауға болады?Мақсаты: оқушыларды «дербес деректер» ұғымымен таныстыру, интернет…

Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтар, нашақорлық және жол-көлік оқиғаларының алдын-алу мақсатында Октябрь ПБ ЖПҚБ ЮПТ УПИ полиция аға лейтенанты Т.С.Имантаев, оқушылармен кездесу өткізіп кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, қауіпсіз мінез-құлық,…

Отан — рухы биік, асқақ ұғым

Жастардың отаншылдық рухы-бұл елінің болашағына деген сенім, жаңа идеялар мен жобалар мен даму жолдарын іздейтін қабілет болып табылады.Қазан- тәуелсіздік пен отаншылдық айы аясында 10 ”А” сынып оқушыларымен “ Отан-рухы биік,…

Табыстың күмәнді түрлері. Қалай алаяқтардың тұзағына түспеуге болады?

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында 14 қазан күні, 10 «Ә» сынып оқушыларымен «Табыстың күмәнді түрлері. Қалай алаяқтардың тұзағына түспеуге болады?» тақырыбында қауіпсіздік сабағы өткізілді. Мақсаты: жас жеткіншектерге күмәнді табыс көздері туралы…

Сынып сағаты

5 А сыныбында сынып сағатында қауіпсіздік сағаты өткізілді. Мақсаты: балалардың жол ережесі және күнделікті өмірдегі қауіпті жағдайларда қолданылатын шаралар туралы білімін кеңейту, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға дағдыландыру.

Түркістан қаласында, ағылшын тілінен өткен жарыста мектебіміздің 6 «Б» сынып оқушысы Дауренбекова Каусар І дәрежелі дипломмен марапатталды. Құттықтаймыз!!!

«Асық атудан» және «Бес асықтан» 3 орын

Мамандандырылған мектеп — лицей-интернаттар 9-11 сынып оқушылары арасында «Асық атудан» мектебіміздің ұлдар командасы жүлделі ІІІ-орынды, «Бес асықтан» қыздар командасы ІІІ орынды иеленді. Құттықтаймыз!!!

Өнегелі 15 минут

2024 жылғы 10 қазанда 5 сынып интернат тәрбиеленушілерінің қыз балаларымен Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Өнегелі 15 минут» әңгімелесу кеші өтті. Әңгіме барысында Сафинаның әжесі қыз баланың мінез-құлқы, жүріс-тұрысы, еңбекқорлық, инабаттылық…