09.06.2025 күні мектеп психологі Кузеуова К.К «Дарынды балалардағы әлеуметтік дағдыларды дамыту» тақырыбындағы әдістемелік ұсыным аясында Zoom платформасы арқылы 3 аудан көлемінде онлайн форматта өз іс-тәжірибесімен бөлісті.
Вебинарға аудандық мектептерден психологтар, сынып жетекшілер мен мұғалімдер қатысты.
Онлайн кездесу барысында дарынды балалардың әлеуметтік дағдыларын дамытуға бағытталған тренингтік жұмыс үлгілері, психологиялық жаттығулар, ата-аналармен және оқушылармен жүргізілген практикалық әдістер ұсынылды.
Қаралған негізгі тақырыптар:
– Дарынды оқушылардың әлеуметтік-эмоционалдық ерекшеліктері
– Топтық жұмыс пен сенімді қарым-қатынас орнату әдістері
– Ата-анамен өзара іс-қимыл жолдары
Нәтиже: Қатысушылар тарапынан жоғары қызығушылық пен оң кері байланыс алынды. Тәжірибе аудан педагогтеріне әдістемелік көмек ретінде тиімді болды. яй

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *