30 мамыр күні Әлихан Бөкейхан ауданының әкімі Досбол Батырбекұлы дарынды балалармен кездесу өткізді. Кездесуге пәндік олимпиадаларда топ жарған, түрлі шығармашылық және спорттық байқауларда үздік нәтижелер көрсеткен оқушылар шақырылды. Мектебімізден дарынды оқушылар Шауһар Жұлдыз бен Зулдаладдин Нурсултан қатысты. Балалар әкімге өз жетістіктері туралы айтып, болашаққа деген жоспарларымен бөлісті. Сонымен қатар, көкейде жүрген сауалдарын қойып, еркін пікір алмасуға мумкіндік алды. Аудан басшысы балаларды мерекемен құттықтап, олардың табыстары мен талпынысына жоғары баға берді. «Еліміздің ертеңі — осындай білімге құштар, белсенді жастардың қолында. Сондықтан жас буынды қолдау — біздің басты міндетіміз» — деді Досбол Батырбекұлы. Жиын соңында қатысушыларға аудан әкімінің атынан естелік сертификаттар табысталды.
