«Ғылым және технология» жаратылыстану-ғылыми сауаттылығы апталығының бірінші күні үзіліс уақытында оқушылар арасында физика пәніне арналған қызықты танымдық «Формула фабрикасы» ойын өткізілді. Бұл ойынның мақсаты – оқушылардың физикалық шамаларды еске түсіре отырып, дұрыс формула құрастыру қабілеттерін дамыту болды. Оқушылар әртүрлі шамаларды пайдаланып, таныс формулаларды құрастырып, белсенділік танытты. Ойын барысында олардың пәнге деген қызығушылығы артып, білімдерін қолдану дағдылары нығая түсті. Мұндай ойын түрлері оқушылардың логикалық ойлауын жетілдіріп, сабақты меңгеруді жеңілдетеді.



