Үзіліс уақытында мектеп оқушылары арасында физика пәніне қызығушылықты арттыру мақсатында «Формулаларды орныңа қой!» атты танымдық ойын өткізілді. Ойын барысында оқушылар физикалық формулаларды дұрыс сәйкестендіру, жылдам ойлау және логикалық байланыс орнату қабілеттерін көрсетті. Бұл шара оқушылардың теориялық білімдерін бекітіп қана қоймай, топпен жұмыс жасау дағдыларын нығайтуға септігін тигізді. Қызықты әрі белсенді форматта өткен ойын барысында оқушылар пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, өз білімдерін ойын арқылы шыңдады. Мұндай ойын түрлері оқушылардың сабаққа деген ынтасын көтеріп, шығармашылық ойлауын дамытады. Ойын барысында белсенді қатысушылар сыйлыққа ие болып, ұжымдық қолпаштау арқылы марапатталды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *