Ұрпақтардың өзара байланысы, олардың бір- біріне деген пейілі мен жақсы үлгісі, үлкенге құрмет кішіге ізет көрсетуі ертеден келген, қанымызға сіңген игі қасиет. БүгінгІ күні өнегелі ұрпақ тәрбиелеуде заманауи білім берумен қатар, жастардың рухани мәдениетін арттырып, дүниетанымын қалыптастыруда үлкенді үлгі етудің мәні зор. Мектебіміздегі тәрбие жұмысында осындай мәселенің түйінін тарқатуға бағытталған «Жақсы адамдарым» атты сыр-сұхбат өткізілді.Сыр-сұхбатқа 40 жыл ұстаздық жолдың қиын да,қызықты күндерін бастан өткізген ұстаздарымыз Шолпан Балташевна мен Светлана Шамелевна шақырылды.