Қыркүйектің 15 күні мектебімізде Қазақстан халқы тілдері күні мерекесі онкүндігінің қорытындысы ретінде мемлекеттік ана тіліміздің мәртебесін көтеру, оқушыларға ана тілді білудің маңызын, төл тарихы мен салт-дәстүрін қадірлей білуге және жан-жақты рухани бай, саналы да білімді тұлға қалыптастыруға ықпал ету мақсатында музыка пәнінің мұғалімі М.Мұздыбаев пен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі С.К. Разбекованың ұйымдастыруымен өткен «Тілім менің – тірегім!» тақырыбында тағылымы мол қорытынды әдеби-сазды кеш көрермендердің көңілінен шықты.
